“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

“VI Ш. Шөкин оқулары” атты Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы

[Дата публикации: 19.08.2014, 13:39:28, жариялауды: Әкімшілік]

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 10 қазанында «VI Ш. Шөкин оқулары» атты Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өткізіледі.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы:

Секцияның атауы Жауапты хатшы Электрондық пошта

Энергетика

Акаев А.М.

aybek.akaev.vko_81@mail.ru

1.1 Электр қуатының өндірісі мен оны үлестіру

1.2 Электротехника және электротехнология

1.3 Электр қондырғыларының электрлік қауіпсіздігі

1.4 Энергетикадағы қуатты үнемдеу және аудит

1.5 Дәстүрлі емес және жаңғырмалы қуат көздері

1.6 Өндірістік процестерді автоматтандыру

Жылуэнергетикасы

Оришевская Е.В.

teploenergetika14@mail.ru

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2014жылдың19 қыркүйегіне дейін толтырылған тіркеу парағы мен  Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторында терілген А4 форматтағы 5 беттен аспайтын мақаланы жауапты хатшының жоғарыда көрсетілген электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Әр файлда бір ғана жұмыс болуы және мақала авторының тегімен аталуы қажет. Ғылыми мақала секцияның тақырыбымен сәйкес, өзекті, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы тиіс. Сонымен қатар төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және ресімдеу талаптарына сай болуы қажет.

 Баянадамаларды ресімдеуге қойылатын  талаптар:

  • шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman /12 pt/; аралық – бір, үстіңгі жағы – 2,5 см, астыңғы жағы – 2,5 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см; абзац шегінісі – 1 см.
  • беттің үстіңгі жағында – кіші әріппен жазылған баяндаманың аты, оның астында бір аралықта, кіші әріппен автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, кіші әріппен жұмыс орны және қаласы, содан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек;
  • формулалар Microsoft Equtioin формуласының редакторы үлгісінде орындалуға тиіс, суреттер (қара-ақ, бояусыз) сканерлеу JPEG, JPG формасында 300 dpi кем емес.
  • пайдаланған әдебиеттер тізімі мәтін соңында көрсетіледі және тізім ретімен сәйкес теріледі. Әдебиетке сілтеме тізімдегі жұмыстың нөміріне сай «төртбұрышты» жақшаға алынады. Сілтемелерді қолдану кезінде пайдаланған әдебиеттің парағын көрсету қажет. Мысалы: [1, 12 б.].

Толтыру үлгісі:

 

Биотехнологиядағы ғылым және өндірістің өзара байланысы

Ахметов Б.М.

С.Торайғыров ат. ПМУ оқытушысы, Павлодар қ.

 

Мақала………………………………………………………………………………………………

…………………………………………………

 

 

 

 Жауапты хатшы аталған талаптарға сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамауға құқылы. Мақалалардың қабылдануы жөніндегі ақпарат мақаланы ашқан сәттен бастап 3 тәулік ішінде Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.

Мақаланың жинақ басылымына қабылдануы мақұлданған жағдайда тіркеу жарнасының құны «Цеснабанктің» жергілікті бөлімшесі немесе университеттің есептік шотына аудару арқылы төленуі тиіс. Ғалымдар үшін жинақтың бағасы – 2500 теңге, магистранттарға, студенттерге – 2000 теңге, ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3000 теңге (16 $). Конференцияға қатысушылар конференция материалдары  жинағының бір данасын алады. Жарна  «Цеснабанк» бөлімшелері арқылы «VI Ш. Шөкин оқулары» деген белгімен есеп айыру шотына аудару жолымен төленеді. Төленген туралы түбіртектің электрондық көшірмесін үш күн ішінде жауапты хатшының жауабынан кейін электрондық поштасына жіберіледі.

Конференцияға қатысуларыңыз, келулеріңіз және тұрғын үйге өтінімді 2014 жылдың
19 қыркүйегіне дейін
хабарлауыңызды сұраймыз.

Конференция сұрақтары жөнінде мына мекен-жайға хабарласыуыңызға болады: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64 үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 238а кабинеті, ғылым және инновациялар Департаментінің ғылыми-әдістемелік бөлімі, тел.: 8 (718-2) 673-683.

Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.

 

Төлем үшін реквизиттер: С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қ., Ломов көш., 64-үй, РНН 451 800 030 073, БИН 990 140 004 654, АО «Цеснабанк», ИИК KZ 579 98 FTB 000 000 3310, БИК TS ES KZ KA.

ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

Тегі_______________________________________________________________________________

Аты_______________________________________________________________________________

Әкесінің аты________________________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы______________________________________________________________

Ұйым, қызмет______________________________________________________________________

Үй мекен-жайы____________________________________________________________________

Телефон _______________________________________________________________________

Е-mail_____________________________________________________________________________

Секция ____________________________________________________________________________

Баяндаманың аты (толық аты)_________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

Қосымша баяндамашы туралы мәлімет_________________________________________________

 

Мен:

□  Секция мәжілісінде баяндама жасаймын;

□  Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

□  Сырттай қатысамын.


Просмотров: 444
19.08.2014, 13:39:28, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық