«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
[Дата публикации: 21.08.2014, 12:19:37, жариялауды: Әкімшілік]
Қаржы полициясы органдарының құрылғанына 20 жыл және Қаржы полициясы академиясының 15 жылдығына арналған 2013 жылғы 15 қарашада Қаржы полициясы академиясы Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы және Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияға қатысуға ведомстволық оқу орындарының басшылары, құқық қорғау органдары және қоғамдық ұйымдар өкілдері, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы сарапшылары, әлем елдерінің барлық мүдделі адамдары шақырылады.
Конференция жұмысында мына мәселелерді талқылау жоспарлануда:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық тәжірибе және халықаралық өзара іс-әрекет.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат және заңнаманы жетілдіру мәселелері.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әлеуметтік, ақпараттық және экономикалық мәселелері.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қылмыстық-іс жүргізу және криминолистикалық мәселелері.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әкімшілік-құқықтық мәселелері.
- Қазақстан Республикасы ЖОО сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кәсіпкерліктің ролі.
Конференцияның басталуына дейін жинақ басып шығару жоспарлануда, осыған байланысты баяндама мәтіндерін біздің мекен-жайға 2013 жылғы 20 қыркүйекке дейін жолдауыңызды сұраймыз. Жарияланым үшін төлем алынбайды.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 021804, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Қаржы полициясы академиясы. E-mail: nits@academfinpol.kz. Ұйымдастыру комитетінің хатшысы – қаржы полициясының подполковнигі Бауман Елена Викторовна.
Мәлімет үшін телефондар: тел/факс 8 (71651) 99-332, 8(71651) 68-068, ұялы телефон 8-701-524-52-51 (Ғылыми зерттеу, редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі).
Просмотров: 485