“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Отандық тарихтың өзекті мәселелері» жас ғалымдар арасындағы конкурс

[Дата публикации: 11.08.2014, 11:56:04, жариялауды: Әкімшілік]

 

ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІ

 

Ұлттық тарихты зерттеуге арналған «Отандық тарихтың өзекті мәселелері» атты жас ғалымдар арасындағы ең үздік мақалаға  конкурс жариялайды

 

Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі отан тарихты зерттеуге арналған «Отандық тарихтың өзекті мәселелері» атты жас ғалымдар арасында ең үздік мақалаға  конкурс өткізеді.

Конкурстың мақсаты: отандық тарихты зерттеумен айналысатын жас ғалымдардың зерттеу және публицистикалық  белсенділігін арттыру.

Ғылыми мақаланың тематикасы болып  Қазақстан тарихын зерттеу аясындағы өзекті мәселелердің әр түрлі болуы жан-жақты, хронологиялық шектеулер –  ерте заманнан қазіргі заманға дейінгі кезеңдер. Аз зерттелген тұлғалардың, тағдыры талқыға толы, құнды деректерге мол, шағынтарихтың (аймақтың, қаланың тарихтары), бұрын ғылыми айналысқа кіргізілмеген мұрағаттық, фольклорлық, этнографиялық деректердің бастамаларына   құптай отырып қабылданады.  Ғылыми мақалаға қойлатын талаптар:  өзектілігі, жаңашылдығы,  жаңа теориялық-методологиялық әдістерді қолдану, логикалық пайымдау, әр түрлі тарихи деректерді қолданылуы, тұжырымдар, қорытындылар. Жұмыс 35 жасқа дейінгі жас ғалымдардың орындалуы қажет, авторлар саны – 2 адамнан аспау қажет. Бөгде ғалымдардың еңбегін пайдалануға, КОМПИЛЯЦИЯҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.

Ғылыми және ғылыми-танымал  мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемдері 7 бетке дейін, редакторында MS Word (*.doc или rtf) нұсқасындағы мақалалар, файлдың аты  және  алғашқы автордың жеке файлы аты-жөнімен сәйкес аталуы керек.  Тізбелер, кестелер, суреттер  атауы және терілуі Windows мәтін шрифтінде. Беттің форматы А4. Барлық шектері – 2 см. Мәтін шрифті «Times New Roman»  14,  Аралық интервал – бір.

Алдымен мақала атауы жазылып: интервал арқылы жоғарыдан ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен көрсетіледі. Мақала атауымен ортадан  автордың аты-жөні, қосалқы авторлар JPEG.форматында. Төменнен – автордың қызмет жасайтын ұйымының толық атауы, лауазымы, е-mail, телефоны. 1 интервал арқылы азат жолдан кейін келесі баяндаманың мәтіні беріледі. Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі, нөмірлеу келтірілген сілтемелермен сәйкестендіріліп берілуі  керек.  Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [6,б.2 .]) ескерту бойынша. Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақалардың тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 1 қыркүйек, 2014 жыл. Мақалалар конкурсқа электронды түрде мына мекен-жайға жіберіледі: kongress.istorikov@mail.ru.

Ұйымдастыру комитеті мақалаларды таңдау құқығының жауапкершілігін өзі атқарады. Тематикалық  жағынан конкурсқа сәйкес келмейтін, берілген талаптарға сай безендірілмеген және 1 қыркүйек 2014 жылдан кейін жіберілгендер қарастырырылуға жатпайды және қабылданбайды .

Конкурс жеңімпаздары құнды сыйлықтар мен және сертификаттармен марапатталады. Ең таңдаулы мақалалар ғылыми жинаққа енгізіліп авторға жеке бір данасы беріледі. Конкурстың қорытындысы мен жеңімпаздары салтанатты түрде 2014 жылдың қазан айында шығарылады.  Әділ қазылар алқасын көрнекті ғалымдар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері  ұсынады.

Ұйымдастырпу комитеті: НКИ, Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2 241 кабинет, координатор Канина Алла, телефоны: +7 7172 (709500) (31-213)


Просмотров: 614