«Қазақ елі» пәні – заман талабы» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция
[Дата публикации: 04.07.2014, 14:33:24, жариялауды: Әкімшілік]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану кафедрасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»;«Қазақстан -2050»стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты Қазақстан халқына Жолдауларының және «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2014 жылдың қыркүйек айында «Қазақ елі» пәні – заман талабы» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның өтетін нақты уақыты қосымша хабарланады.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияныңұйымдастырушылары: ҚР БҒМ; Абай атындағы ҚазҰПУ; Қазақстан Республикасының ҰҒА.
Конференцияның мақсаты: Қазақстанның жоғары оқу орындарында «Қазақ елі – Мәңгілік ел» пәнін ендірудің рөлі мен мәнін негіздеу
Конференцияның жұмысына қатысуға:
– Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің өкілдері;
– Қазақстан Республикасының депутаттары;
– Қазақстан Республикасының ҰҒА мүшелері, Қазақстан Халқы Ассамблеясы;
– Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ректорлары;
– педагогика, психология, этнопедагогика, Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану және т.б. кафедралардың меңгерушілері;
– жастардыңұлттық сана-сезімдерін қалыптастырудың тарихы мен теориясы, патриоттық тәрбие, қазақтану мәселелерімен айналысатын жетекші зерттеуші-ғалымдар (тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, педагогтар, психологтар, географтар, т.б.), сонымен қатар білім алушы жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелерімен айналысатын басқа да ғалымдар шақырылады.
Конференция жұмысы мына бағыттар бойынша жоспарлануда:
1. Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары мен Президентінің Жолдаулары негізіндегі «Қазақ елі – Мәңгілік ел» ұлттық идеясы.
2. «Қазақ елі» идеясының даму және қалыптасу тарихы: өткені, бүгіні, болашағы.
3. Жоғары оқу орнындағы «Қазақ елі» пәнінің өзектілігі мен мақсаты.
4. Қазіргі жағдайда болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудің мәні, ерекшеліктері және өзекті мәселелері.
5. Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімдерін тәрбиелеу мен дамыту – психологиялық-педагогикалық мәселе.
6. ЖОО-ның тұтас педагогикалық үдерісі жағдайында болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімдерін тәрбиелеудің әдіснамасы, принциптері мен заңдылықтары, формалары мен әдістері.
7. Қазақ ұлттық мәдениеті және оның болашақ маманның ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөлі.
8. Ұлттық тіл – ұлттық сана-сезімніңнегізгі элементі.
9. Болашақ маманның ұлттық сана-сезімін тәрбиелеудегі ЖОО педагогының рөлі.
- Жаңа қазақстандық патриотизм және қазіргі студент жастардың ұлттық сана-сезімі.
- Салауатты өмір салты – салауатты ұлтты қалыптасу негізі.
- Болашақ мамандардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту – ұлттық бәсекеге қабілеттілігін дамыту негізі.
- «Қазақ елі» ұғымы мен құбылысы контекстіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, этникааралық және конфессияаралық келісім.
Мақалалар қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар түйіндеме орыс және қазақ тілдерінде қабылданады.
Конференцияның өтетін орны:
Алматы қ., Достық даңғылы,13 үй, Абай атындағы ҚазҰПУ, үлкен конференц- зал, 2-қабат.
Баяндамаларды рәсімдеу тәртібі
- Мақала көлемі А4 форматты парақпен 5-7 толық бетке дейін электрондық форматта қабылданады. (файл MS Word). Мақаланы электронды поштамен және қағазға шығарылған бір данасы қоса тіркелуі керек. Мақала 2014 жылдың1маусымғадейін қабылданады.
- Мәтін Microsoft Office Word шрифтімен терілуі тиіс. Times new Roman, кегль 14, шеттері: жоғары, төменгі жағы 20 мм, сол жағы 30 мм, оң жағы 15 мм, интервал 1,0.
- Тақырыптың рәсімделуі: (жазу үлгісі, ортасында қара қою үлкен әріптермен) МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ; (келесі қатарда қара қою курсивпен, оң жақта) – мақаланың авторының аты-жөні толығымен; (келесі қатарда қара қою курсивпен, оң жақта) – ғылыми атағы мен дәрежесі, ЖОО атауы; қаланың немесе жұмыс орындалған мекеменің атауы; келесі қатарда курсивпен, оң жақта –E-mail;
- Бір жолдан кейін – мақала мәтіні;
- Бір жолдан кейін – «Әдебиеттер тізімі» жазуы болуы керек;Әдеби дереккөздерге сілтемелер (әдебиеттерді пайдалануына қарай, әдеби сілтемелер тік бұрышты жақшамен, мысалы [1, с. 77] соңында беріледі.
- Көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген немесе талаптарға сай ресімделмеген материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды;
- Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
Ғылыми мақалаларды «Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Қазақ елі» деген жазумен мына электрондық поштаға baimbetova_1988@mail.ru жіберу керек.
Байланыс телефондары: 8-(727) 2-91-19-81; 8 701 726-77-21 – Жампеисова Корлан Кабыкеновна, 8-707-807-15-21- Берикханова Айман Еженхановна.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӨЗЕКТІЛІГІ (14 ШРИФТ) Берикболов Б.С. (12шрифт )
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан (12 шрифт) Пед.ғыл. канд., Абай атындағы ҚазҰПУ
Түйіндеме (12 шрифт) Түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме,, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме, түйіндеме.
Негізгі мәтін, негізгі мәтін (14 шрифт)негізгі мәтін,негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін, негізгі мәтін,
Әдебиеттер тізімі(14 шрифт) 1. 2. 3…. |
Өтініш формасы
Өтініш |
||
1 |
Мұғалімнің толық аты, жөні | |
2 |
Ғылыми атағы, қызметі | |
3 |
Жұмыс орны, ғылыми дәрежесі. | |
4 |
Мекен жайы (индекс) | |
5 |
Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен) | |
6 |
Е-mail | |
7 |
Баяндама тақырыбы | |
8 |
Секцияның атауы | |
9 |
Баяндамаға қажетті техникалық құралдар |
Конференцияның ұйымдастырушы комитеті
Просмотров: 561