“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Тарих ағымындағы халық» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

[Дата публикации: 23.04.2014, 11:00:13, жариялауды: Әкімшілік]

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚҰРМЕТТІ  ӘРІПТЕСТЕР! 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 16 мамырында Академик Ә.Х. Марғұланның 110 жылдығына арналған «Тарих ағымындағы халық» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

 Конференцияның ғылыми бағыттары:

Секцияның атауы Жауапты хатшы Электронды пошта
Академик Ә.Х. Марғұланның тұлғасы мен ғылыми мұрасы Азербаев А.Д. Azerbayev25@mail.ru

Отан тарихы, археология мен этнологияның өзекті аспектілері

Азербаев А.Д. Azerbayev25@mail.ru
Қазақ әдебиеті мен фольклористикасының өзекті мәселелері Кәріпжанова Г.Т. gulnaz_tokenovna_70@mail.ru

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2014жылдың1 мамырына дейін толтырылған тіркеу парағы мен  Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторында терілген А4 форматтағы 5 беттен аспайтын мақаланы жауапты хатшының жоғарыда көрсетілген электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Әр файлда бір ғана жұмыс болуы және мақала авторының тегімен аталуы қажет. Ғылыми мақала секцияның тақырыбымен сәйкес, өзекті, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы тиіс. Сонымен қатар төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және рәсімдеу талаптарына сай болуы қажет.

 Баянадамаларды рәсімдеуге қойылатын  талаптар:

  • шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman /12 pt/; аралық – бір, үстіңгі жағы – 2,5 см, астыңғы жағы – 2,5 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см; абзац шегінісі – 1 см.
  • беттің үстіңгі жағында – кіші әріппен жазылған баяндаманың аты, оның астында бір аралықта, кіші әріппен автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, кіші әріппен жұмыс орны және қаласы, содан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек;
  • формулалар Microsoft Equtioin формуласының редакторы үлгісінде орындалуға тиіс, суреттер (қара-ақ, бояусыз) сканерлеу JPEG, JPG формасында 300 dpi кем емес.
  • пайдаланған әдебиеттер тізімі мәтін соңында көрсетіледі және тізім ретімен сәйкес теріледі. Әдебиетке сілтеме тізімдегі жұмыстың нөміріне сай «төртбұрышты» жақшаға алынады. Сілтемелерді қолдану кезінде пайдаланған әдебиеттің парағын көрсету қажет. Мысалы: [1, 12 б.].

Толтыру үлгісі:

 

Ә.Х. Марғұланның тұлғасы мен ғылыми мұрасы

Ахметов А.К.

С.Торайғыров ат. ПМУ оқытушысы, Павлодар қ.

Мақала………………………………………………………………………………………………

…………………………………………………

 

 

 

 

 Жауапты хатшы аталған талаптарға сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамауға құқылы. Мақалалардың қабылдануы жөніндегі ақпарат мақаланы ашқан сәттен бастап 1 тәулік ішінде Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.

Мақаланың жинақ басылымына қабылдануы мақұлданған жағдайда тіркеу жарнасының құны «Цеснабанктің» жергілікті бөлімшесі немесе университеттің есептік шотына аудару арқылы төленуі тиіс. Ғалымдар үшін жинақтың бағасы – 2500 теңге, магистранттарға, студенттерге – 2000 теңге, ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3000 теңге (16 $). Конференцияға қатысушылар конференция материалдары  жинағының  бір  данасын  алады. Жарна  «Цеснабанк» бөлімшелері арқылы «Академик Ә.Х. Марғұланның 110 жылдығына арналған «Тарих ағымындағы халық» деген белгімен есеп айыру шотына аудару жолымен төленеді. Төленген туралы түбіртектің электрондық көшірмесін үш күн ішінде жауапты хатшының электрондық поштасына жіберіледі.

Конференцияға қатысуларыңыз, келулеріңіз және қонақ үйге өтінімді 2014 жылдың 1 мамырына дейін хабарлауыңызды сұраймыз.

Конференция сұрақтары жөнінде мына мекен-жайға хабарласыуыңызға болады: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64 үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 238а кабинеті, ғылым және инновациялар Департаментінің ғылыми-әдістемелік бөлімі, тел.: 8 (718-2) 673-683.

Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен. 

Төлем үшін реквизиттер: С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қ., Ломов көш., 64-үй, РНН 451 800 030 073, БИН 990 140 004 654, АО «Цеснабанк», ИИК KZ 579 98 FTB 000 000 3310, БИК TS ES KZ KA.

 

ТІРКЕУ ПАРАҒЫ 

Тегі__________________________________________________________________________

Аты__________________________________________________________________________

Әкесінің аты________________________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы______________________________________________________________

Ұйым, қызмет______________________________________________________________________

Үй мекенжайы _________________________________________________________________

Телефон _______________________________________________________________________

Е-mail __________________________________________________________________________

Секция ____________________________________________________________________________

Баяндаманың аты (толық аты )  _________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

Қосымша баяндамашы туралы  мәлімет

_________________________________________________

Мен:

  • Секция мәжілісінде баяндама жасаймын;
  • Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;
  • Сырттай қатысамын.

 


Просмотров: 465