Қазақстан -2050: экономикалық және әлеуметік-гуманитарлық даму үдерісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
[Дата публикации: 06.02.2014, 12:37:15, жариялауды: Әкімшілік]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
2014 жылдың 17-18 сәуірінде Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Қазақстан -2050: экономикалық және әлеуметік-гуманитарлық даму үдерісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Конференция жұмысының бағыттары:
1.Экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуының перспективалары
2.Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері
3.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемесі
Конференция қазақ, орыс тілдерінде өтеді.
Конференцияға түскен материалдар жинақ болып басылады және қатысушыларға таратылады. Конференцияның жинағына баяндаманы енгізу үшін баяндама мәтіні ұйымдастыру комитетіне қағаз жүзінде және электронды нұсқада 2014 жылғы 05 сәуірге дейін тапсырылады.
Өткізілетін орын: Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы.
Конференция материалдарына қойылатын негізгі талаптар:
- Мақаланың көлемі 7 беттен аспауы және 4 беттен кем болмауы тиіс (формат А4).
- Жоғарғы шегі-2см, төменгі – 2см, оң жағы – 1,5 см., сол жағы – 3см.
- Шрифт: Times New Roman, кегль – 14.
- Қатараралық интервал – бірлік.
- Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына таман автордың аты-жөні, жұмыс орны толық көрсетіледі.
- Баяндама соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме квадрат жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік нөміріне сәйкес пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі, мысалы: [6,4 б.].
- Мақаланың соңында түйіндеме (резюме) беру қажет. (Қазақ тілінде жазылған баяндамаға – орыс тілінде, орыс тілінде жазылған баяндамаға қазақ тілінде).
Конференцияны ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге. Төлемақыны арнайы есеп шотқа аудару керек: Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы, Орал қаласы, Ғ.Қараш көшесі 12. БИН 080740006385, РНН 270100242249, ИИК (р\с) КZ37319W010000429335 БИК АВКZ КZ КХ Кбе 17, «БТА Банк» АҚ, Батыс Қазақстан филиалы. «Қазақстан -2050: экономикалық және әлеуметік-гуманитарлық даму үдерісі» халықаралық конференциясына белгісі мен қатысушының аты-жөні толық жазылады.
Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген және талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны мен грамматикалық қателер үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзіне қалдырады.
Конференцияға келу шығынын қатысушының өзі көтереді.
Ұйымдастыру комитетінің мекен – жайы: 090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Ғ.Қараш көшесі 12, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы (204-бөлме), ф.ғ.д., профессор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы (87777611338); экономика магистрі Машанова Самал Амангельдиевна (87754091758). Байланыс телефоны: 8 (7112) 51-24-50; E-mail: sabir_uralsk@mail.ru, samal.kz.79@mail.ru
Қатысушының өтініш беру формасы:
Аты-жөні, мемлекет, қала |
|
Автор туралы мәлімет: лауазымы (қызметі), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орнының толық атауы, телефоны. |
|
Мекен-жайы (пошта индексі, үй адресі) |
|
Байланыс телефоны (халықаралық байланыс кодымен) |
|
Электронды пошта (е-mail) |
|
Мақаланың тақырыбы |
|
Секциясы |
|
Просмотров: 567