Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Қазақстан Республикасындағы туризм және география дамуының қазіргі мәселелері: бүгіні және болашағы»
[Дата публикации: 25.07.2013, 12:29:46, жариялауды: Әкімшілік]
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2013 жылдың 18-19 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасындағы туризм және география дамуының қазіргі мәселелері: бүгіні және болашағы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Конференцияның ғылыми бағдарламасы:
- Геоэкология, ландшафттану мәселелері және табиғат ресурстарын қорғау
- Қазақстан және шекаралас территорияларының топонимика және ономастика мәселелері
- Жоғары оқу орны және мектеп географиясының қазіргі білім беру технологиясы
- Аймақтың туризмін дамытудың әлеуметтік-экономикалық аспектілері
- Туризм саласы дамуының концепциясын іске асыру мәселелері
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.
Ғалымдар, магистранттар, студенттер және оқытушылар конференцияның бағдарламасына ену үшін 2013 жылдың 01 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жолдауы тиіс: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 238а кабинеті, Ғылым және инновациялар департаментінің ғылыми-әдістемелік бөлімі, тел.: 8(718-2)673683, факс: 8(718-2) 673705, е-mail: orgnauka@psu.kz көрсетілген үлгі бойынша «Қазақстан Республикасындағы туризм және география дамуының қазіргі мәселелері: бүгіні және болашағы» деген белгісі бар тіркеу парағы және Microsoft Оffice Word (2003,2007) редакторында терілген 5 беттен аспайтын және А4 форматтағы ақ қағазға басылған мақаланы флэш-тасымалдаушыда жолдауыңыз керек (материалдар қайтарылмайды). Әр файлда бір ғана жұмыс болуы және мақала авторының тегімен аталуы қажет.
Баянадамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар:
- әр мақалада беттің үстіңгі сол жағында азат жолсыз әмбебап ондық жіктеуі (ӘОЖ) болуы тиіс;
- шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman /12 pt/; аралық – бір, үстіңгі жағы – 2,5 см, астыңғы жағы – 2,5 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см; абзац шегінісі – 1 см.
- беттің үстіңгі жағында – кіші әріппен жазылған баяндаманың аты, оның астында бір аралықта, кіші әріппен автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, кіші әріппен жұмыс орны және қаласы, содан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек;
- формулалар Microsoft Equtioin формуласының редакторы үлгісінде орындалуға тиіс, суреттер (қара-ақ, бояусыз) сканерлеу JPEG, JPG формасында 300 dpi кем емес.
Толтыру үлгісі:
|
Материалдар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды ресімдеуге қойылатын талаптарға дәлме-дәл сәйкес болуы керек. Редакция алқасы аталған талаптарға сай ресімделмеген және уақытынан кеш тапсырылған мақалаларды қабылдамауға құқылы. Мақалалардың қабылдануы жөніндегі ақпарат 1 күннің ішінде Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкерлері мен магистранттары үшін тіркеу жарнасының көлемі – 2500 теңге, университет студенттеріне – 2000 теңге, басқа оқу ұйымдарының қатысушылары үшін – 3000 теңге (20$). Конференцияға қатысушылар конференция материалдары жинағының бір данасын алады. Жарна «Цеснабанк» бөлімшелері арқылы «Қазақстан Республикасындағы туризм және география дамуының қазіргі мәселелері: бүгіні және болашағы» атты конференцияға» деген белгімен есеп айыру шотына аудару жолымен төленеді.
Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.
Конференцияға қатысулырыңыз, келулеріңіз және тұрғын үйге өтінімді 2013 жылдың
07 қыркүегіне дейін хабарлауыңызды сұраймыз (тел. 67-36-83).
Төлем үшін реквизиттер: С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қ., Ломов көш., 64-үй, РНН 451 800 030 073, БИН 990 140 004 654, АО «Цеснабанк», ИИК KZ 579 98 FTB 000 000 3310, БИК TS ES KZ KA.
ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Тегі_______________________________________________________________________________
Аты_______________________________________________________________________________
Әкесінің аты________________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, атағы______________________________________________________________
Ұйым, қызмет______________________________________________________________________
Үй мекен-жайы____________________________________________________________________
Телефон _______________________________________________________________________
Е-mail_____________________________________________________________________________
Секция ____________________________________________________________________________
Баяндаманың аты (толық аты)_________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
Қосымша баяндамашы туралы мәлімет_________________________________________________
Мен:
□ Секция мәжілісінде баяндама жасаймын;
□ Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;
□ Сырттай қатысамын.
Қолы
Аталған ақпаратты мүдделі тұлғаларға таратқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Құрметпен,
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Просмотров: 654