Aтты халықаралық ғылыми-практикалық семинар «МӘДЕНИ ЛАНДШАФТ МҰРА ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ»
[Дата публикации: 26.07.2013, 09:34:16, жариялауды: Әкімшілік]
2013 ж. 26-28 қыркүйекте Алматы қаласында
« МӘДЕНИ ЛАНДШАФТ МҰРА ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ»
атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтеді
Талқылауға жоспарланған тақырыптар:
1. «Мәдени ландшафт» тұжырымының теориялық-әдіснамалық негіздері.
2. Топонимикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық мәселелері.
3. Қазақстанның тарихи топонимиясының тарихи-компаративтік зерттеулерінің өзекті мәселелері
4. Тарих және мәдениет ескерткіштері мәдени ландшафт объектісі ретінде.
5. Материалдық емес мәдени мұра мәдени ландшафттың бөлігі ретінде.
6. Эпиграфика мен таңбаларды зерттеу мәселелері.
7. Топонимикалық мұра тарихи және этномәдени зерденің институты ретінде.
8. Қазақстанның табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау саласының қазіргі заманғы жағдайы. Осы салада инновациялық технологияларды игеру процесінің динамикасы.
Семинар жұмысына қатысу үшін 2013 ж. 26 тамызына дейін ұйымдастыру комитетіне өтініш (нысаны қосымшада); жинаққа жариялану үшін материалдарды жіберу қажет.
Семинардың қолданыс тілдері – қазақ, орыс.
Өтініштер мен мақалалардың электрондық нұсқаларын ұйымдастыру комитетінің kaz.madeniet.n@yandex.kz мекенжайына жіберуіңізді сұраймыз.
Электрондық хаттың тақырыбы – Ландшафт_семинар, қосымшадағы файлдың аты – бірінші автордың фамилиясы және тақырыптық бағыттың нөмірі (мысалы: Қадыров_2).
Хат пен материалдардың 3-күндік мерзімде алынғаны туралы хабар келмесе, құжатты қайта жіберуіңізді өтінеміз.
МАҚАЛАНЫ РЕСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ
Мақалалар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады, олар электрондық түрде MS Word (rtf, doc) форматымен, құжат көлемі: сол жақ – 3 см, оң жақ – 1 см, жоғарғысы мен төменгісі – 2 см. Өлшемі: Кегль – 14, Times New Roman, интервал – 1. Мақала көлемі, аннотация мен әдебиеттер тізімін қоса: 6 бетке дейін. Мақала соңында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын), мақала мәтінінен бір жол тастап, курсив шрифтімен жазылған қысқаша (500 белгіден аспайтын) аннотация беріледі.
ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ мәтіннің соңында беріледі. Мәтіндегі библиографиялық сілтемелер шаршы жақшада әдебиеттер тізімімен сәйкес нөмірі ретінде, дереккөздегі беті көрсетіліп беріледі, мысалы: [6, 2-б.].
Ескертулер – негізгі мәтінге қысқаша түсіндірмелер мен толықтырулар болған жағдайда ескертуге тиісті мәтін орнында нумерация (1, 2, 3 т.б.) қолданылады, ал ескертудің өзі әдебиеттер мен дереккөздер тізімінен кейін теріледі.
Мәтіндегі қысқартулардың мағынасы ашылу керек, яғни, мақалаға ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІН қосымша жалғау қажет.
Мақаланы ресімдеу нұсқасы:
А. Мұқан
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты,
Қазақстан, Алматы қаласы
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ТЕАТРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ РӨЛІ МЕН ОРНЫ
(еркін театрлық дамудың 20-жылдық қорытындылары)
Библиографиялық тізімді ресімдеу нұсқасы:
монографиялар: 1. Шалгынбай Ж. История казахской книжной культуры (1807-1917–1991-2001 гг.). Монография. – Алматы: Баспалар үйі, 2009. – 328 с.
мақалалар: 2. Шалгынбай Ж. О двух казахских книгах нелегальной печати // Казахи России: история и современность. Материалы международной научно-практической конференции. Омск, 2009. – Т. 2. – Омск: изд-во ОмГУ, 2010. – с. 272-278.
электрондық ресурстар: 3. Астафьев В. Записи разных лет [Электронный ресурс] // Мемориал: [сайт]. URL: https://memorial.krsk.ru//Astafiev.htm (қаралған күні 23.08.2007).
архив құжаттары: 4. ҚР ОММ. Қ. 214. Тіз. 1. Іс 1182. П. 153.
Ұйымдастыру комитеті көрсетілген тақырыпқа немесе рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Мақалалар автордың редакциясымен басылып шығарылады, авторлар берілген мәліметтердің растығына жауап береді.
Тұру, тамақтану, көлік шығындары іссапарға жіберген мекемелер есебінен төленеді.
Байланыс телефондары мен электрондық мекен-жайлар:
Даутова Сахинур Сыдыққызы
моб.: +7 7071103465
раб.: +7 (727)2916775
е-mail: maimkhan@mail.ru
Ғалия Шәукетқызы Файзуллина
моб.: +7 7772337490, +7 7015007127
жұм.: +7 (727)2914654
e-mail: galiaf2@yandex.ru
«Мәдени ландшафт мұра объектісі ретінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысушының
ӨТІНІШ ҮЛГІСІ
Тегі__________________________________________________________________________
Аты ________________________Әкесінің аты _____________________________________
Мекеме(толық атауы) ___________________________________________________________
Мекеменің қысқартылған атауы__________________________________________________
Елі, қаласы ____________________________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________________
Ғылыми немесе академиялық атағы _______________________________________________
Ғылыми дәрежесі ______________________________________________________________
Қызмет адресі (пошта индексімен) ________________________________________________
Үй адресі (пошта индексімен) ____________________________________________________
Байланыс телефоны (қалааралық байланыс кодымен) ________________________________
E-mail ________________________________________________________________________
Баяндама тақырыбы ____________________________________________________________
Тақырыптың аты ______________________________________________________________
Қонақ үйді брондау қажеттілігі___________________________________________________
Қатысу нысаны (сырттай, тікелей) ________________________________________________
Просмотров: 696