Aтты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Мәшһүр-Жүсіп – әлемдік Ғаламат»
[Дата публикации: 26.07.2013, 09:53:25, жариялауды: Әкімшілік]
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сізді 2013 жылдың 26-27 қыркүйегінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр-Жүсіп – әлемдік Ғаламат» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына шақырамыз. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, студенттер шақырылады.
Конференция аясында қазіргі ғылымның әр түрлі саладағы көкейкесті мәселелері бойынша төмендегі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр.
- Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ел тәуелсіздігі идеялары
- Мәшһүр Жүсіп және қазіргі фольклортану ғылымы
- Мәшһүр Жүсіп және әлем әдебиеті
- Мәшһүр Жүсіп және қазіргі қазақ әдеби тілі мәселелері
- Мәшһүр Жүсіп және қазіргі ғылымның көкейкесті мәселері
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.
Ғалымдар, аспиранттар, магистранттар, студенттер және оқытушылар конференцияның бағдарламасына ену үшін 2013 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жолдауы тиіс: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 238а кабинеті, Ғылым және инновациялар департаментінің ғылыми-әдістемелік бөлімі, тел.: 8(718-2)673683, факс: 8(718-2) 673705, е-mail: orgnauka@psu.kz көрсетілген үлгі бойынша «Мәшһүр-Жүсіп – әлемдік Ғаламат» деген белгісі бар тіркеу парағы және Microsoft Оffice Word (2003,2007) редакторында терілген 5 беттен аспайтын және А4 форматтағы ақ қағазға басылған мақаланы флэш-тасымалдаушыда жолдауыңыз керек (материалдар қайтарылмайды). Әр файлда бір ғана жұмыс болуы және мақала авторының тегімен аталуы қажет.
Баянадамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар:
- әр мақалада беттің үстіңгі сол жағында азат жолсыз әмбебап ондық жіктеуі (ӘОЖ) болуы тиіс;
- шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman /12 pt/; аралық – бір, үстіңгі жағы – 2,5 см, астыңғы жағы – 2,5 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см; абзац шегінісі – 1 см.
- беттің үстіңгі жағында – кіші әріппен жазылған баяндаманың аты, оның астында бір аралықта, кіші әріппен автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, кіші әріппен жұмыс орны және қаласы, содан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек;
- формулалар Microsoft Equtioin формуласының редакторы үлгісінде орындалуға тиіс, суреттер (қара-ақ, бояусыз) сканерлеу JPEG, JPG формасында 300 dpi кем емес.
Толтыру үлгісі:
|
Материалдар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды ресімдеуге қойылатын талаптарға дәлме-дәл сәйкес болуы керек. Редакция алқасы аталған талаптарға сай ресімделмеген және уақытынан кеш тапсырылған мақалаларды қабылдамауға құқылы. Мақалалардың қабылдануы жөніндегі ақпарат 1 күннің ішінде Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкерлері мен магистранттары үшін тіркеу жарнасының көлемі – 2500 теңге, университет студенттеріне – 2000 теңге, басқа оқу ұйымдардың қатысушылары үшін – 3000 теңге (20$). Конференцияға қатысушылар конференция материалдары жинағының бір данасын алады. Жарна «Цеснабанк» бөлімшелері арқылы «Мәшһүр Жүсіп – әлемдік Ғаламат» атты конференцияға» деген белгімен есеп айыру шотына аудару жолымен төленеді.
Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.
Конференцияға қатысулырыңыз, келулеріңіз және тұрғын үйге өтінімді 2013 жылдың 20 қыркүйегіне дейін хабарлауыңызды сұраймыз (тел. 67-36-83).
Төлем үшін реквизиттер: С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар қ., Ломов көш., 64-үй, РНН 451 800 030 073, БИН 990 140 004 654, АО «Цеснабанк», ИИК KZ 579 98 FTB 000 000 3310, БИК TS ES KZ KA.
ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Тегі_______________________________________________________________________________
Аты_______________________________________________________________________________
Әкесінің аты________________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, атағы______________________________________________________________
Ұйым, қызмет______________________________________________________________________
Үй мекен-жайы____________________________________________________________________
Телефон _______________________________________________________________________
Е-mail_____________________________________________________________________________
Секция ____________________________________________________________________________
Баяндаманың аты (толық аты)_________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
Қосымша баяндамашы туралы мәлімет_________________________________________________
Мен:
– Секция мәжілісінде баяндама жасаймын;
– Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;
– Сырттай қатысамын.
Қолы
Просмотров: 614