“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ» тақырыбына ЕКІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ өткізеді

[Дата публикации: 02.04.2013, 13:51:31, жариялауды: Әкімшілік]

 

Құрметті әріптестер, докторанттар мен магистранттар! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Магистратура және PhD докторантура институтының  «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» және «Психологиялық -педагогикалық мамандықтар»  кафедралары бірлесіп 2013 жылдың 16-17 мамырында «БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ» тақырыбына ЕКІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ  өткізеді.

Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25/  Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Магистратура және PhD докторантура институтының  конференц-залы.

Жұмысының басталуы 2013 жылдың 16 мамыры, сағат 10.00

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 

  • Үздіксіз және сабақтас білім жүйесіндегі отбасы.
  • Мектепке дейінгі білім әлеуметтануы психологиясы және педагогикасы: теория және әлеуметтік тәжірибе.
  •  Жалпыға бірдей білім беретін орта мектептің әлеуметтік қызметі және оны тиімді іске асырудың мәселелері.
  • Кәсіби шебер педагог және қызмет етуші педагог: әлеуметтанулық және әлеуметтік –педагогикалық талдау.
  • Құзіретті мамандарды даярлаудағы бизнес пен өзарабайланысы: тәжірибе және мәселелері.
  • Девиантты мінез-құлық және жасөспірімдер мен ересектерге арналған  түзетушілік білім.
  • ХХ1 ғасыр әлеуметтануы мен педагогикасының әдіснамалық тұрғылары, ұстанымдары және әдістері.

Баяндаманың симпозиум бағдарламасына енуі үшін 2013 жылдың 01 мамырынадейін қатысушының аты-жөні (толық), ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі, жұмыс орны, мекен-жайы мен баяндама мәтіні (аты мен мазмұны)  Tynyshtyk43@mail.ru поштасына келіп түсуі керек. Баяндамалар мәтіндері 2013 жылғы 01 мамырына дейін қабылданады.


Для ознакомления с более подробной информацией скачайте файлы:

Скачать прикреплённые файлы:

 


Просмотров: 671