Металды қысыммен өңдеу
– қарқынды жылжу деформациялауды қолданумен металды қысыммен өңдеуге арналған жаңа әдістерді жасау;
– бұранда айырғыш және бұрғыны жасау үшін қолданылатын дайындамаларды деформациялаудың жаңа әдістерін жетілдіру;
– қысыммен өңдеумен энергияны үнемдейтін технологиямен наноқұрылымды материалдарды алуға арналған теориялық негізді жасау және дамыту;
– пластикалық деформациялау әдісімен нанқұрылымды материалдарды алуға арналған технологияны жасау;
– ультраұсақ түйіршікті құрылымды және жоғары механикалық қасиетті мысты және алюминді сымдарды алу мақсатында «престеу-созу» аралас деформациялануүрдісін зерттеу және жасау;
– көміртекті құрамды ультрадисперсті шикізатты қолданумен алюминді матрица негізінде композиционды материалды алуға арналған құю-деформациялау технологиясын жасау;
– «Металды қысыммен өңдеу үрдісінде металдың пластикалық пішінінің түзілуін жедел-талдау» бағдарламалық-техникалық кешенді жасау;
– құю және горизонталды-соғу машинасында орналастыру аралас әдістерімен шыңдалғыны алу;
– ыстықтай тапталған жолақтардың жазықтылығын және профилін жақсартуға арналған технологиялық әдістерді жасау;
– табақ және қаңылтырды салқындай таптауға арналған технологиялық майлауларды алуға арналған технологияны жасау;
– тапталатын түржиынды кеңейту мақсатында кеңжолақты станда таптау кезінде көлденең профилді және жұқа жолақтардың жазықтығының қалыптасуын басқаруға арналған ғылыми-негіздеме негізін жасау.