Кафедра туралы
«Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы 2017 жылыдың 30 маусымындағы ҚарИУ ғылыми кеңесі шешімі негізінде құрылған. Кафедра екі секциядан тұрады:
• «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар»;
• «Дене тәрбиесі».
Секциялар бұрын жеке кафедра ретінде және университеттің құрылымдық бөлімшелері ретінде өз тарихы, дәстүрі және оқу-әдістемелік, ғылыми қызмет бағыттары болды.
«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» секциясы өзінің қызмет еткен уақытында бірнеше рет қайта құрылды.
1963 жылы 1 қарашада ҚМЗ жанында құрылған завод-ВТУЗ бен бірге «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы құрылып, тарих ғылымының кандидаты, доцент Зайцев Василий Яковлевич басшылық етті.
1964 жылы желтоқсанда кафедраның атауы «Марксизм-ленизм» деп өзгертілді. 1968 жылы осы база негізінде жаңа екі құрылым – «КОКП тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасы мен «Философия және саяси экономия» кафедрасы құрылды.
1970 жылы КОКП тарихы және ғылыми коммунизм кафедрасына Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген жас мамандар – Джагипаров Н.Р., Гунашев А.А., Сафонова Л.Н. келді. Көп ұзамай олар алдыңғы қатарлы КСРО жоғары оқу орындары МГУ, ЛГУ, КазГУ аспирантурасына оқуға жіберілді. Аспирантура бітіріп, диссертация қорғағаннан кейін олар иниститутқа оралды. Нәтежесінде «КОКП тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасын жас ғылым кандидаттары Джагипаров Ниспек Рахимжанұлы (1975-1981 жж.) және Гунашев Аманчи Абайұлы (1982-1989 жж.) басқарды.
«Философия және саяси экономия» кафедрасына 1973-1976 жылдары Сиянина Майя Михайловна, ал 1976 жылдан бастап Попандопуло Иван Лазаревич басшылық етті.
1990 жылы Мухина Зинара Зиевнаның ұсынысымен иниститутта тағы бір гуманитарлық бағыттағы «Өнегелілік, эстетикалық және құқықтық тәрбие» кафедрасы ашылып, 1992 жылы кафедра атауы «Мәдениеттану» кафедрасы деп өзгертілді. Аталған кафедраға 1992-1994 жылдарда Шитова Валентина Николаевна, ал 1994 жылдан – Гуменчук Оксана Николаевна басшылық етті.
1996 жылы қарашада инистиутта болған қайта құрудан кейін, барлық гуманитарлық кафедралар бір ғана «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасына біріктірілді. (кафедра меңгерушісі Гуменчук О.Н.)
Кафедраның 50 жылдық тарихында 20 адам диссертация қорғап, кандидат дәрежесі берілді. Кафедра Республикамызда және одан тыс жерлерге де белгілі болған мамандардың кәсіби қалыптасу мектебіне айналды. Солардың ішінде Қазақстан тарихы оқулығының авторы Абдакимов Абдижапар Абдакимович, «Еңбек үздігі» медалімен марапатталған Шитова Валентина Николаевна, мәдениеттану ғылымының докторы Петухов Валерий Борисович және көптеген тамаша педагогтар Попандопуло Иван Лазаревич. Мухина Зинара Зиевна, Сапонова Людмила Николаевна, Светловский Алексей Тимофеевич, Кемельбаева Гульзайра Махмудовна сияқты ғалымдар болды. Кафедраның дамып және қалыптасуына өз үлестерін қосқан философия ғылымының кандидаты Нигметжанов Қуанышғали Ганимбекович, Поваляшко Галина Николаевна, тарих ғылымының кандидаты Шерпелев Леонид Иванович, аға оқытушылар Иванова Нина Николаевна, Соболевская Ольга Павловна, Шинкаренко Галина Степановна, Мешалкина Ольга Николаевна, Зикирина Гульнара Джарасовна, Грачев Геннадий Борисович және т.б. болды. Олардың көпшілігі бүгінде басқа қалалар мен республикаларда, алыс және жақын шетелдерде қызмет етеді. Кафедраның қазіргі ұжымы олармен достық және шығармашылық қарым-қатынас байланысын үзген жоқ.
«Дене тәрбиесі» секциясы жеке кафедра ретінде ҚМЗ завод-ВТУЗ негізінде 1967 жылы құрылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Третяк Юрий Иванович болды. 1967 жылдан 1984 жылдар аралығында кафедраға Пак Виктор Николаевич, ал 1984-2000 жылдарда – Токарев Владимир Алексеевич, ал 2000 жылдан бастап кафедраны Қазақ денетәрбиесі иниститутының түлегі, спорттық гимнастикадан спорт шеберлігіне кандидат Бобровская Татьяна Николаевна меңгерушісі болды.
Кафедра құрамында Қазақстанның дзюдо және самбо күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Филатов Сергей Александрович, әлемнің жиырма дүркін пауэрлифтинг чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері Сивоконь Алексей Николаевияч, халықаралық санаттағы академиялық ескек есуден спорт шебері Димитриева Ирина Юрьевна сияқты оқытушылар әр жылдарда еңбек етті.
Кафедраның дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан Максименко Ольга Андреевна, завод-ВТУЗ құрамасының жаттықтырушысы Барышникова Владимир Иванович, Демкина Светлана Сергеевна, завод-ВТУЗ баскетбол құрамасының жатықтырушысы Бадло Анатолий Степанович және Карачанская Людмила Федоровна, Абишев Кайнар Мақашұлы, Малентина Наталья Григорьевна, Днекешев Сагидулла Днекешұлы, Лукашов Сергей Николаевич, Лукашова Татьяна Анатольевна, Пенчуков Петр Николаевич, Жунисбеков Замамбек Султанұлы, Дорофеева Виктория Викторовна, Плескун Елена Николаевна сияқты оқытушылар қызмет етті.