“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Материалды-техникалық базасы

Кафедрасы барлық оқытылатын пәндерді зертханалық тәжірибелермен қамтамасыз ететін жақсы материалдық-техникалық базаға ие. Кафедрада жетекші өндіруші фирмалардың электртехникалық қондырғыларымен жасалған зертханалық–зерттеу қабырғалармен қатар оқытушылыр құрамымен және студенттермен құрастырылған зертханалық-зерттеу қабырғалары да бар.

  1. Үздіксіз үрдістердің оқу бекеті

Festo фирмасының оқу бекетіөзара біріккен және деңгейдiөлшегiш, шығынөлшегiш, жылупарлары және тағыбасқаэлементтердiөлшегіштерден және автоматты плакаттың, ресивердің, жылытқыштың, сорғыштың қозғалтқыштары бар қалған түтікше түйіндермен біріктіретін, тазартылған сумен толтырылған, екі қоймадан тұрады.

Негізгі қондырғы SIEMENS фирмасының бақылағышымен біріккен. Бақылағыш басқарылатын шамалардың параметрлерін басқару және визуализация құралыныңролін атқарады.

Бағдарламаның интерфейсінің көмегімен температураны, қысымды, шығынды және деңгейді реттеу кескіндерінде болып жатқан өтпелі үрдістерді бақылауға болады. Қажетті шаманы тапсырмасын іске асыруға болады, бақылауыштың кіруін шығуын кескiндеуге болады.

Жұмыс тәртібін таңдау бағдарламалық қамтамасыз етудің сәйкес өзгерістері жолымен іске асады.

2. «Пневмоавтоматика жәнепневмоэлектроавтоматика» қабырғасы

Зертханалық қондырғы Festoфирмасының пневмоавтоматика және пневмоэлектроавтоматика элементтері бекітілетін алюминді панельден тұрады. Жүйенің жұмыс істеуі үшін компрессор пайдаланылады.

Электрлік жүйедегі дабылдарды өңдейтін жүйешік қоректі жеке корпуста орындалған қоректендіргіш блог арқылы электрлік желіден алады.

Пневмо- жәнепневмоэлектроавтоматиканың әртүрлі жүйелеріндегі моделдеу FluidSim-P (Demo-Version) бағдарламасының көмегімен дербес копьютерде орындалады.

Келтірілген бағдарламаны зерттеу пневматиканың элементтерін пайдаланумен үрдістерді автоматты басқару сызбасын жобалауда жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

3. «Гидроавтоматикажәнеэлектрогидроавтоматика» зертханалық кешені

Зертханалық қондырғы Festoфирмасының гидроавтоматикажәнеэлектрогидроавтоматиканың элементтері бекітілетін алюминді панельден тұрады. Тұйық гидравликалық жүйені құру үшін гидравликалық сорғыш пайдаланылады. Барлық жүйе қысымдалған маймен толтырылады.

Электргидравликалық жүйедегі дабылдарды өңдейтін жүйешік қоректі жеке корпуста орындалған қоректендіргіш блог арқылы электрлік желіден алады.

Гидроавтоматикажәнеэлектрогидроавтоматиканың әртүрлі сызбаларын (жүйелерін) моделдеу FluidSim-Н бағдарламасының көмегімен дербес копьютерде орындалады. Гидроавтоматикажәнеэлектрогидроавтоматиканың дайын элементтерінің кітапханасы қолданылады.

Келтірілген қабырғада жұмыс жасау гидравликаның элементтерін пайдаланумен технологиялық үрдістерді автоматты басқару сызбасын жобалауда жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

4. Автоматтандырудың техникалық жабдықтарының зертханасы.

Зертханада технологиялық үрдістердің параметрлерін реттеу және басқару жүйесіндегі автоматика құралдарын зерттеу үшін, сонымен қатар автоматиканың құралдары мен аспаптарын сипаттау және қасиетін зерттеу үшін құралдар құрастырылған.

Компьютерлік жабдық және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Кафедрада 54 машинадан тұратын жеке компьютер паркі бар, сонымен қатар кафедра студенттері мен оқытушылары кез-келген уақытта университеттің компьютерлік сыныптарын қолдана алады. Компьютерлік сыныптардағы қазіргі заманғы компьютерлер Интернетке және университеттің жергілікті желісіне қол жеткізумен қамтамасыз етілген. Компьютерлік сыныптар сабақтан тыс уақытта да қол жетімді. Бағдарламалық жасақтама 10 заманауи кәсіби бағдарламалық пакеттерден тұрады және білім беру бағдарламаларының мақсаттарына толық сәйкес келеді.