“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ!

ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ!
17.01.2022 ж. мен 21.01.2022 ж. аралығындағы кезеңде онлайн форматта «Заманауи білім беру жағдайындағы жоғары мектеп педагогының кәсіби қызметі» корпоративтік тренингтер апталығы өтеді.
Барлықтарыңызды белсенді қатысуға шақырамыз.
Тренинг жоспарымен сіз университет сайтында, білім -> оқу-әдістемелік жұмыс бөлімдерінен таныса аласыз https://old.tttu.edu.kz//education/edmework/.
15.01.2022, 08:34:15, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қарағанды индустриялық университеті білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері негізінде бос қалған білім беру гранттарын алуға конкурс жариялайды. ҚарИУ https://old.tttu.edu.kz//student/vakantnie-granti оn-line порталында бос білімдік гранттар тізімімен танысуға және өтініш беруге болады. Өтініш 2022 жылдың 18 қаңтарына дейін қабылданады. Анықтамаға арналған телефон 8(7213)91-68-95.

14.01.2022, 13:09:28, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қарағанды индустриялық университеті ҚР Президенті Қ-Ж. К. Тоқаевты қолдайды


11 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дағдарыстан кейінгі дамуына арналған саяси және әлеуметтік-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты міндеттер жүктеген іс-шаралар жоспарын ұсынды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде білім беруді дамыту, жастарды қолдау мәселелеріне тоқталды. Сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру мемлекеттің ең маңызды мәселесі екеніне атап айтты. Осы мақсатта тапшылық бар өңірлердегі мектептерді білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылатын болады.

Ол жоғары білімнің қолжетімділігі, университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Осы бағытта Мемлекет басшысы еліміздің халқы тығыз орналасқан өңірлерінің жастарына мақсатты гранттар бөлу, сондай-ақ жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде тапсырма берді.

Жоғары техникалық білім беруді дамытудың маңыздылығы, инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын дайындау және тәрбиелеу қажеттілігі ерекше атап өтілді. Уақыт өз заңдылықтарын жүзеге асырады, еңбек нарығында техникалық мамандықтар бойынша мамандар тапшылығы сезілуде.

Қарағанды индустриялық университеті инженерлік білім беру саласында көпжылдық қалыптасқан дәстүрі бар техникалық университет ретінде Мемлекет басшысының инженерлердің жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған бастамаларын қолдайды.

Еліміздің Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған баршамызды алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біздің университетке ең алдымен түлектердің бәсекеге қабілеттілігін, білім сапасын арттыру, оқытудың озық әдістері мен технологияларын пайдалану, ғылымды және студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту, ғылым мен өндірістің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беруді дамытуға қатыстымәселелерді шешу қажет.

Мемлекет басшысының сөзінде барша қазақстандықтарды жан-жақты қолдауға бағытталған үлкен сындарлы серпін байқалды. Қарапайым халықты толғандырып, қоғамда талқыланып, сынға ұшырап жатқан түйткілді мәселелерге де қоғам нақты жауаптар алды.

Еліміз дамудың жаңа сапалық деңгейіне шықты, елді жаңарту, келеңсіз мәселелерден тазарту кезеңі басталды. Қарағанды индустриялықуниверситетінің ұжымы Мемлекет басшысы ҚЖ. Тоқаевтың бастамаларын жан-жақты қолдап, осы бастамаларды жүзеге асыру үшін тәжірибесі мен білімін, бар күш-жігерін салады.

12.01.2022, 18:28:26, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

10 ҚАҢТАР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

Қарағанды индустриялық университетінің ұжымы әскери қызмет барысында ерлік пен батырлық танытып, елдегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтап, өз борышын соңына дейін адал орындап, қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза тапқан бейбіт тұрғындардың отбасыларына да көңіл айтамыз. Бұл – біздің халқымыз үшін орны толмас қаза.
Тәртіпсіздік кезінде жарақат алғандардың барлығының тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Еліміз үшін осы қиын күндерде Отанымыздың болашақ тағдыры үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алған, қоғамдық тәртіп орнатуда теңдесіз шаралар қабылдаған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жанына топтасуға шақырамыз. Оның қабылдаған дұрыс шараларының арқасында санаулы күндер ішінде қалаларда тәртіп пен заңдылық орнатылды, елдегі жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді.
Мемлекет басшысының шешімді саясаты әрбір қазақстандыққа біздің еліміз осы сынақтардан лайықты түрде шығатынына, мемлекеттілігіміздің дамуының және саяси процестерді демократияландырудың жаңа кезеңі басталатынына сенім ұялатады!

 

 

10.01.2022, 09:33:07, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«ТМД үздік педагогы – 2021» халықаралық конкурсы

Техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Конакбаева Асель Ныгметоллаевна 2021 жылдың қазан айында «Бобек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «ТМД үздік педагогы – 2021» халықаралық конкурсына қатысты. Бұл жобаға Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Әзірбайжан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының үздік педагогтары қатысты.

Конкурсқа қатысу үшін «Көп компонентті цементтерді өндіру кезінде әртүрлі техногендік өнімдерді кәдеге жарату» тақырыбына мақала дайындалды. Бұл мақалада цемент өндіру әдістері қарастырылады. Цемент өндірісі негізінен құрылыста қолдану қажеттілігіне байланысты. Цемент өндірісінің технологиясы тау-кен, металлургия салаларының қалдықтарын, сондай-ақ осы өндірістердің жанама өнімдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мақала Қазақстан ғалымдарының Конгрессімен (Қазақстан, Нұр-сұлтан) бірлесіп «Үздік педагог» халықаралық жобасы аясында іске қосылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің «Білім берудегі үздіктер-2021» кітап топтамасының бірінші нөмірінде жарияланды.

Нәтижесінде Асель Ныгметоллаевна 1 дәрежелі дипломмен, «Үздік педагог – 2021» төсбелгісімен марапатталды.

 

 

30.12.2021, 11:54:10, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар