“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


“TemirTau-2022″Хакатоны

2022 жылдың 18 ақпанында сағат 13.00-де Қарағанды индустриялық университетінің жаңа корпусының 223 аудиториясында “TemirTau-2022” мектеп және колледж оқушылары үшін қалалық Хакатон ашылады.

“TemirTau-2022” хакатоны – бұл Теміртау қаласының жалпы білім беретін мектептері мен колледждері оқушыларының білім беру, жобалау және коммуникациялық форумы, оны өткізудің мақсаты білім беру және қоғамдық өмір саласында цифрлық технологияларды енгізу бойынша өзекті міндеттерді шешу үшін IT-бағытта неғұрлым перспективалы жобаларды әзірлеген командаларды анықтау және кәсіби дамыту болып табылады.

Хакатонды өткізудің негізгі міндеттері:

 – Қарағанды индустриялық университетінің құрылымдық бөлімшелері мен Теміртау қаласының кәсіпорындарын жобалау қызметіне тарту үшін Теміртау қаласының мектептері мен колледждерінің оқушылары арасынан перспективалы, талантты, мақсатқа ұмтылған жастар өкілдерін іздеу;

 – жасанды интеллект технологиялары, ақпараттық қауіпсіздік, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу салаларында білім алушылардың кәсіби өсуін дамыту;

 – қатысушылардың идеяларын қолдау;

 -ІТ-жобалармен пәнаралық командалық жұмыс тәжірибесін және креативті ойлауды дамыту;

 -бизнес-міндеттердің жобалық шешімдерінің деректер банкін қалыптастыру;

 – жастардың жетекші компаниялардың басшыларымен және сарапшыларымен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін беру.

“TemirTau-2022” қалалық Хакатонына қатысуға Теміртау жоғары политехникалық колледжі, Қарағанды индустриалды Университеті жанындағы Теміртау экономикалық колледжі, Теміртау техникалық колледжі, “Озат” мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-интернаты, №9 лицей, Бірінші Теміртау классикалық лицейі, Ә. Бөкейханова  атындағы гимназия өкілдерінен жобалар ұсынылды. № 14, 20, 27 жалпы білім беретін орта мектептер, келесі бағыттар бойынша орындалған:

 * Ақылды қала;

 * Ақылды университет;

 * Қоғам өміріндегі Ақпараттық технологиялар.

Барлық үш бағыт өте өзекті, өйткені IT-технологияларды, жасанды интеллектті жетілдіру және белсенді енгізу, цифрландыру Қазақстан Республикасы экономикасының басым трендтерінің бірі болып табылады және Қарағанды индустриялық университеті осы инновациялық қызмет саласы үшін мамандарды даярлау процесінің бірінші және өте маңызды буыны болуға арналған.

 

 

 

16.02.2022, 18:18:12, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

“ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСЫ – ӨНЕРКӘСІПТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ДҰРЫС ЖОЛЫ”

 

 


Қарағанды индустриялық университетінде “Металлургия” оқу және ғылыми-зерттеу орталығының базасында “Tau-Ken Temir “ЖШС және “Silicon mining” ЖШС кәсіпорындарымен бірлесіп техникалық кремнийді балқыту кезінде пайда болатын микрокремнеземнің техногендік қалдықтарын кәдеге жарату мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.

Оқу ордамыздағы “Металлургия” оқу және ғылыми-зерттеу орталығы оқу процесінің өндірістік алаңы болып табылады.
Бұл:
– бакалавриат студенттентерге жаңа қорытпалар мен лигатураларды алуға зертханалық сынақтар жүргізуге мүмкіндік береді.
– Ал магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу және диссертациялық жұмыстарды орындай алады, сондай-ақ жас ғалымдар ғылыми жобаларды орындай алады.

Айта кететіні, студенттеріміз Қарағанды өңірінің өндірістерімен бірлесіп шаруашылық келісімшарт жұмыстарын орындай алады.

 

 

16.02.2022, 15:06:54, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

“Студенттеріміз Польшаның ең үздік технологиялық университетінде білім алып келді”

 

Студент жастарымыздың жан-жақты білім алуы үшін мемлекеттік деңгейде қолдау жүзеге асып келеді. Соның бірі – жоғары оқу орындарының білімгерлеріне 1 академиялық кезеңде шетелде білім жетілдіруге мүмкіндік берілген. Қарағанды индустриялық университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде 4 ай білім алып келді. Бағдарламаға студенттер конкурстық негізде қабылданып, 7 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бөлінген бюджеттік қаражат есебінен Ченстохов политехникалық университетінде (Польша Республикасы) білім алды.

Студенттеріміз шет елде білім алу үшін арнайы іріктеуден өткен. Іріктеу нәтижесінде академиялық оралымдылық шеңберінде білім алуға жіберуге мына студенттеріміз лайықты деп танылды: Батырбеков Рахат Сұлтанұлы, Жалгасбаев Нурислам Нурдуллаулы, Камаладинов Багдат Уринбосарович, Мамаев Бақдәулет Қайыржанұлы, Мухтаров Айбек Темирханович, Сарсенов Бексултан Жарболулы, Хайтметова Мукаддас Ункасовна.

Оқу ордамыздың студенттері өз оқуларының өте қызықты әрі пайдалы екендігін жеткізді. Және алдағы уақытта Европа елінен алған білімдерімен бөлісіп, өз тәжербиелерінде пайдаланады.

 

 

16.02.2022, 14:59:15, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

“”Дін және жастар акциясы”

 

Оқу ордамызда “Дін және жастар” акциясы өтті.  Акция барысында студенттерге тың ақпараттар айтылды, сонымен қатар аймақтық “Дін және заман” журналының жаңа саны таратылды. Акцияға оқу ордамыздың барлық оқу топтары белсене қатысты.

 

 

16.02.2022, 14:48:08, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

“”Біз жемқорлыққа қарсымыз” әлеуметтік бейнероликтер БАЙҚАУЫН жариялаймыз! “

Қайырлы күн, студенттер!

“Біз жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында әлеуметтік бейнероликтер БАЙҚАУЫН жариялаймыз!

Байқау шарттары:

  • Kонкурсқа қатысу үшін ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнебаян дайындау қажет.
  • Байқауға кез келген адам шектеусіз қатыса алады.
  • Жұмысты бейнебаянға түсірудің кез келген әдісімен түсіруге болады (бейнекамера, сандық камера, ұялы телефон және т.б.)

Анықтамаға арналған телефондар: 91-16-59, 8-775-989-45-43, +7 701 738 2785

 

16.02.2022, 14:31:28, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар