“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Шахмардан Есенов атындағы грант байқауы!

 

«ÓRLEÝ» (Өрлеу) бағдарламасы

Академик Шахмардан Есенова атын. ғылыми білім беру қоры жоғары (бакалавриат) оқу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге де грантқа ие бола алмаған, аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге 10 грант байқауын жариялайды.

Жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша мамандықтар алу үшін қазақстандық жоғары оқу орнында оқуды жоспарлап отырған мектептің/балалар үйінің/жасөспірімдер үйінің/колледждің түлегі бағдарлама қатысушысы бола алады. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар жастардан да өтініштер қабылданады.

“ÓRLEÝ” (Өрлеу) бағдарламасының байқауына қатысу үшін 2022 жылғы 25 сәуір мен 20 шілде аралығында Қордың yessenovfoundation.org сайты арқылы онлайн өтінім беру қажет.

* Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 20 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де (GMT + 6). аяқталады.

Өтінімге келесі құжаттар қоса берілуі керек:

Грант ізденушінің ата-анасы және (немесе) заңды өкілі үшін міндетті құжаттар:

  • жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
  • грант ізденушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері:
  1. отбасы құрамы туралы анықтама;
  2. зейнетақы туралы анықтама: жасына байланысты, мүгедектігі бойынша (бар болса);
  3. жәрдемақы туралы анықтама: асыраушысынан айырылу бойынша, көп балалы болу бойынша, бала күтімі бойынша, жұмыссыздық бойынша, АӘК және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де негіздер бойынша (болған жағдайда);
  4. кәсіпкерлік объектісінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  5. өтінім берілген күнге зейнетақы аударымдары туралы грант ізденушінің заңды өкілінен және (немесе) ата-анасынан үзінді көшірме;
  6. тұрғын үйдің, автомобильдің, қосалқы шаруашылықтың, т.б. болуы/болмауы туралы ақпарат.

Грантқа үміткер үшін міндетті құжаттар:

  • жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
  • келесілерден тұратын мотивациялық хат:
    1. өзі және отбасы туралы; қызығушылықтары мен әуестігі, өзінің жетістіктері туралы ақпарат;
    2. оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсету қажеттілігінің себептері туралы ақпарат;
    3. неліктен білім алу үшін осы мамандықты таңдадым;
    4. таяудағы 10 жылға арналған жоспарлар туралы.
  • Орта мектепті бітіргені туралы Аттестат/колледж дипломы («жақсы және өте жақсы» дегеннен төмен бағасы бар ізденушілердің өтінімдері қаралмайды), ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат (ЖОО-ға түсу үшін);
  • Мүгедектігі бойынша анықтама (болған жағдайда);
  • балалар үйі немесе Жасөспірімдер үйі тәрбиеленушісінің анықтамасы.

Қосымша құжаттар:

  • академиялық жетістіктері үшін грамоталар мен дипломдар – 2  данадан көп емес*;
  • 2021-2022 жж. фото:
    1. грантқа үміткердің (паспорт фотосы емес) – 1 дана.
    2. отбасының, барлық отбасы мүшелері немесе олардың көпшілігі бар (2019 жылдан кеш емес) – 2 дана.
  • Қажет болған жағдайда Қор қосымша құжаттарды талап ету құқығын өзіне қалдырады.

*Қор сертификаттардың, хаттардың және дипломдардың шектеулі санын қарастырады. Грантқа үміткер өз жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

 

28.02.2022, 12:08:02, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

“Абадан” пікір-сайыс клубы қалалық турнирде орын I- иеленді

Tеміртау қаласы, Жастар ресурстық орталығында “Жастар ресурстық орталығы директорының” кубогы өтті. Қалалық турнирге 8 команда қатысты. Турнир Теміртау қаласының университет және колледж студенттерінің арасында болды.

Қарағанды индустриялық университетінің “Абадан” пікір-сайыс клубы тапқырлық танытып, 1-орын иеленді. Клуб мүшесі Бахыт Нұрай “Үздік спикер” атағын жеңіп алды! 

Марапаттарыңыз құтты болсын, алар асуларыңыз биік болсын

28.02.2022, 11:55:46, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ “ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ -2022” АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

 

” ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ -2022″ АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Байқау Халықаралық студенттер ассоциясының «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Байқауға халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері қатысқан болатын.

Соның ішінде тарих ғылымының магистрі Солтан Мағира Сұлтанқызының жетекшілігімен , Қарағанды Индустриялық университетінің Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығында білім алатын 2 курс студенті Жимахан Әсел Нұрболқызы қатысып, 1 дәрежелі дипломмен сонымен қатар “ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ -2022″ төсбелгісімен марапатталды.

✍️Халықаралық студенттер ассоциясының «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын, еліміздің жастарын
қолдау үшін қолға алынған халықаралық «Үздік студент» жобасы аясында «ТМД Үздік студенті» атты талантты жастар кітап жинағының ІV-ші шығарылымына ғылыми мақаласы ” Кибербуллинг және жастар арасындағы толеранттылық мәселесі” жарық көрді. Мақала үздік деп танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды!

28.02.2022, 11:49:45, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде “Студенттік өзін-өзі басқару органдарының өңірлік” форумы өтті.

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде “Студенттік өзін-өзі басқару органдарының өңірлік” форумы өтті.

Форумға Қарағанды қаласының барлық ЖОО-ның өзін-өзі басқару комитеттері мен белсенді студенттер қатысты. Форум барысында студенттер тренинг-ойындарға қатысып, ораторлық өнер, студенттік өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі тақырыптарында семинар-тренингке қатысты.

Форумға Қарағанды Индустриялық университетінің белсенді студенттері: Студенттік Парламент президенті Тілеубек Арайлым және парламент мүшесі Меңдіғалиева Ұлдана, “Саналы Ұрпақ” студенттік клубының жетекшісі Қапанова Сәттігүл және клуб мүшесі Сарсенова Жайлыгуль, “Қамқор” еріктілер орталығының жетекшісі Ибраева Адина және клуб мүшесі Ибраева Амина қатысты.

Форум соңында қатысушылардың арасынан ерекше көзге түскен студентіміз- Тілеубек Арайлымға сөз берілді, және барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

 

28.02.2022, 11:42:02, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

“Экономика және бизнес” кафедрасының студенттері “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы филиалында сабақ өткізді

2022 жылдың 23 ақпанында “Экономика және бизнес” кафедрасының аға оқытушысы Тургумбаева г.Т. “Атамекен”ҰКП-да ЭФО-19, УиА-19, УиА-21с, МсП-21с топтарының студенттерімен далалық сабақ өткізді.

“Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының теміртаулық өкілдігінде кафедра филиалы жұмыс істейді.

Студенттер кәсіпкерлікпен айналысатын теміртаулықтардың саны, кәсіпкерлерді қолдаудың түрлі шаралары және бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары туралы білді. Сондай-ақ, студенттер салық басқармасы мамандарынан жеке тұлғалармен жұмыс бойынша кеңес алып, қызметтер тізбесімен таныса алды.

Дәл осы ғимаратта кәсіпкерлерді қолдау республикалық орталығы орналасқан, ол да жас кәсіпкерлерді ақысыз негізде қолдайды. Егер сіздің идеяңыз болса және сізге кеңес пен қолдау қажет болса, онда сіз тікелей осы орталықтарға немесе ҚарИУ кәсіпкерлік мектебінің басшысы Г. Т. Тургумбаеваға жүгіне аласыз. Сіздер үшін керемет мүмкіндіктер!!!

28.02.2022, 11:35:22, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар