“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН  ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ  БІРЛІГІ КҮНІ!

1 мамыр Қарағанды индустриялық университетінде  еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  тойлататын Қазақстан халықтарының бірлігі күні аталып өтті. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең айтулы мерекелердің бірі. Шараның мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау. Іс-шараға факультет декандары, факультет декандарының орынбасарлары, кафедра оқытушылары, белсенді студенттер қатысты.

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Салпенова Мадина Мейрамқызы бұл атаулы күн ұлтты біріктіретін жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын  көрсететінін атап өтті.

«Қазақстан тарихы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Солтан Магира Солтанқызы өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымы туралы айтты.

Іс-шара соңында Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу екенін айта кетті.

      

01.05.2022, 11:45:45, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ әкімшілік-басқару персоналының бос лауазымдарына орналасуға республикалық конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе сканерленген нұсқада hr@tttu.edu.kz электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2022 жылғы 13 мамыр, сағат 18.00-ге дейін.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30, жаңа ғимарат, 222 кабинет, Персоналды басқару қызметі.

Телефоны: 8(7213) 910240

Әкімшілік-басқару персоналының конкурсына ұсынылатын бос жұмыс орындарының тізімі.

Бос лауазым

Бос бірліктер саны

Үміткерлерге қойылатын талаптар

ТҚ,АҚжТЖ және пайдалану жөніндегі

департамент директорының орынбасары

1

жоғары;

– құрылыс/тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық/пайдалану-шаруашылық қызмет саласындағы басшы лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

Цифрлық трансформациялау жөніндегі департамент директорының орынбасары

1

– ақпараттық технологиялар саласында/басқа техникалық мамандық бойынша жоғары білім;

– IT саласындағы басшылық лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;

Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің деканы

1

-жоғары (маман) және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім;

– ғылыми дәрежесінің болуы;

– Білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

– соңғы бес жылда біліктілікті арттырудың бір түрінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1. Түйіндеме.

2. Жеке куәліктің көшірмесі.

3. Салыстырып тексеру үшін жоғары білімі және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы аттестаттың көшірмелері және түпнұсқалары.

4.Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.

5. Жұмыс орны( қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген У075 нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген медициналық анықтама, вакцинация паспорты.

7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу жөніндегі мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама.

9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

10. Біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар және т.б.).

Конкурсты өткізу: Қарағанды индустриялық университетінің әкімшілік-басқару персоналы лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларына сәйкес (www.tttu.kz).

Құжаттарды мына мекенжайға жолдау және жүгіну: 101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, Персоналды басқару қызметі (каб. №222). Телефоны: 8(7213) 91 02 40.

26.04.2022, 16:24:45, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ШЕТЕЛДЕ ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ!!!

 

 

2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне арналған  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  студенттер арасында шетелде оқуға құжаттарды қабылдау басталды.

Кім қатыса алады:

  • Гранттық негізде оқитын бакалавриат 1 және 2 курс студенттері.

Ескертпе: шарттық негізде білім алушылар (ақылы негізде оқитындар) конкурсқа қатыса алмайды.

ҚР БҒМ гранты келесідей шығындарды жабады:

-Сақтандыру;

-Виза;

-Ұшақ билеті (барып-қайту);

-Тұру (120 күн кезеңіне).

ҚР БҒМ Министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына сәйкес шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Білім алушының нысан бойынша өтініші (Қосымша);
  2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (түрлі-түсті көшірме);
  3. Университеттің мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;
  4. Ағылшын тілін меңгеру денгейін растайтын құжат:
  • ағылшын тілін меңгеру денгейін растайтын халықаралық тұрғыда танылған сертификат (IELTS, TOEFL);

  • Қазақстандық университеттің тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен кем емес);

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген) бекітілген № 072/у нысанындағы медициналық анықтама;

  1. Он сегіз жасқа толмаған өтініш берушінің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) шетелге шығуға жазбаша келісімі;

  1. Студенттің көп балалы отбасы екендігін растайтын құжат;

  1. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін);

  1. Мүгедектік туралы анықтама, болған жағдайда.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19 сәуір, 2022 ж. 

Құжаттарды info@tttu.edu.kz және dep.international@tttu.edu.kz электрондық поштасына zip, rar форматындағы архивтелген файлда жіберу қажет. Хат тақырыбында студенттің аты-жөнін -академиялық ұтқырлық көрсету қажет.

Сұрақтар бойынша Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз:

25.04.2022, 21:40:57, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қарағанды индустриялық университетінде «TemirTau SmartTech Hackathon» Республикалық Хакатоны өтті

2022 жылдың 21-22 сәуірінде Қарағанды индустриялық Университетінде “Жасанды интеллект технологиялары” кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған “TemirTau SmartTech Hackathon” Республикалық Хакатоны өтті.

Хакатонның ашылуында Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Цай Владислав Моисеевич және “Қарағанды индустриялық университеті” КеАҚ Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекович құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға сондай-ақ Хакатонның ұйымдастырушылары мен демеушілері қатысты: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы, “АрселорМиттал Теміртау” АҚ және “Халық банкі”АҚ өкілдері.

“TemirTau SmartTech Hackathon” Ха катоны – Ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары оқушыларының білім беру, жобалау және коммуникациялық форумы.

“TemirTau SmartTech Hackathon” Хакатонының мақсаты-қойылған міндеттердің перспективалы жобалық шешімдерін әзірлеген командаларды анықтау және кәсіби дамыту.

 

Хакатонның ұйымдастырушылары мен демеушілері ретінде:

* Теміртау қаласының әкімдігі;

* Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы;

* “АрселорМиттал Теміртау”АҚ;

* “Қазақстан Халық банкі”АҚ.

Хакатонның негізгі ұйымдастырушысы Қарағанды индустриялық университеті.

“TemirTau SmartTech Hackathon” Республикалық Хакатонына 12 команда қатысты, олардың ішінде Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті, Қарағанды медициналық университеті, Нархоз Университеті және Қарағанды индустриялық университеті студенттері.

Хакатонның ұйымдастыру комитеті қатысушы командалардың алдына Ақпараттық технологиялар саласында үш міндет қойды. Хакатонның ережелеріне сәйкес, оның қатысушылары кез-келген бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, тапсырмалардың жобалық шешімдерін жасауы керек. Тапсырмалар бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін қатысушы командалар қазылар алқасының алдында өздерінің жобалық шешімдерін ұсынды.

Қазылар алқасы келесі критерийлердің жиынтығы бойынша 10 балдық шкаламен жобалық шешімдерді бағалады:

1) жобалау идеясының ұйымдастыру комитетінің өкілдері қойған міндетке сәйкестігі;

2) жобалық шешімнің бірегейлігі және инновациялылығы;

3) техникалық шешімнің пысықталуы;

4) ұсынылған жобалық шешімнің экономикалық тиімділігі;

5) презентациялық материалдарды дайындау және сөз сөйлеу сапасы;

6) жобалық шешімнің әлеуеті.

Жобалық шешімдерді көрсету және қазылар алқасының отырысы аяқталғаннан кейін Хакатон нәтижелері жарияланды.

Бірінші орынды А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің (Қарағанды қ.) командасы иеленді: Мамедова Ева, Джумабаева Карина және Богомолова Вероника (жетекшісі – Кайбасова Динара Женисбековна).

Екінші орынды Қарағанды индустриялық университетінің (Теміртау қ.) командасы иеленді: Жумагельдиев Мерген, Суменко Николай, Криворучка Григорий және Комаров Владислав (жетекшісі – Кан Светлана Васильевна).

Үшінші орынды Нархоз университеті (Алматы қ.) мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті командалары өзара бөлісті. Нархоз университетінің атынан студенттер Жуман Азель, Надырханова Надира, Серікқан Аян және Тұрсынқұл Бақдәулет (жетекшісі – Тлеубердиева Гүлнара Исабекқызы), ал Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің командасынан қатысқан студенттер Ғапаров Дәурен, Жақия Ақәділ, Сайфонов Әміржан (жетекшісі – Габдулова Айгүл Ермекқызы).

Ұйымдастыру комитетінің өкілдері Хакатон жеңімпаздарын Теміртау қаласының әкімдігі, “АрселорМиттал Теміртау” АҚ, “Қазақстан Халық банкі” АҚ демеушілері ұсынған бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Нархоз университеті (Алматы қ.) және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Атырау қ.) командаларына үшінші орын иелеріне сыртқы SSD-жинақтағыштар табысталды.

Екінші орын алған Қарағанды индустриалдық университеті командасының өкілдері “Сулпак” дүкенінен техника сатып алуға жалпы сомасы 200 000 теңге (50 000 теңгеден әр қатысушыға) сертификат берілді.

А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті командасының студенттері бас жүлде – ноутбукке ие болды.

Барлық қатысушыларға Хакатонға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.

22.04.2022, 18:46:55, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

НОБЕЛЬ ДӘРІСТЕРІ АПТАЛЫҒЫ

 

Тек 2022 жылғы 18-22 сәуір аралығында, Нобель сыйлығының, ғылыми Оскардың, Тюринг сыйлығының және құрметті лауреаттары Айви лигасының профессорлары, соның ішінде:

  • Гарвард
  • Стэнфорд
  • MIT
  • Және Принстон Университеті

Олар сізге Нобель дәрістерінің аптасында сөз сөйлейді.

Сіз осындай үлкен сұрақтарға жауап аласыз:

  • Ретінде мәңгі жеңе обыры?
  • Үлкен деректер біздің әлемді қалай өзгертеді?
  • Кеңістік пен уақытты қалай өткізуге болады?
  • Жасанды интеллект көмегімен ғарышқа қалай баруға болады?

Әлемдегі алғашқы Нобель дәрістері метавсельде, виртуалды 3D-де өтеді кеңістікте. Метавселеннаяға Phenom мобильді қосымшасы арқылы кіруге болады Metaverse! Нобель апталығына қатысып, Нобель сыйлығының болашақ лауреаты бол! Nobel Fest-тегі алғашқы Мета-зерттеуші болыңыз!

Қазір сайтта тіркеліңіз nobel-fest.org тегін сертификат ал!

Әлемдік ғылым көшбасшыларынан дәріс бағдарламаларын біліңіз!

 

 

15.04.2022, 21:25:58, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар