Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА-2019. 2 ТУР
Онлайн көру
ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ОДАҒЫ, «СЕНІМ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ЖӘНЕ АҚТҚ/ЖҚТБ ОРТАЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУМЕН ӨТКІЗІЛГЕН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСАДЫ.2019 жылдың 11 қарашасында ҚМИУ Қарағанды облысының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғам өкілдерінің қатысуымен «Қызметтер мен тауарларды алу кезіндегі тұтынушылардың құқықтарын білу тұрғысынан халықтың құқықтық сауатын арттыру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Кездесуге заңгер, Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының төрағасы Жаслан Болатұлы Аймағамбетов қатысып, іс-шараға қатысушыларға сапасыз қызметтер мен тауарларды алу фактісі бойынша жағдайдан шығудың мүмкін жолдары, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары, көптеген алаяқтық істер, тұтынушыларға қатысты сенімсіз ұйымдар мен кәсіпорындар жүзеге асыратын қызметтер туралы айтып берді, сонымен бірге тұтынушылардың құқықтарын бұзушылықтарға қатысты заңды құқықтық кеңес алуға арналған сенім байланыс телефондарымен хабарласуға болатындығы жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Сенім» қоғамдық бірлестігінің маманы Айнур Манапқызы Нупинова кәмелетке толмағандар мен жастарды синтетикалық есірткі сатуға тарту фактілері туралы, сондай-ақ синтетикалық есірткіні сатушылардың жасөспірімдерді алдау жолдары туралы айтты. Айнур Манапқызы студенттерді Теміртау қаласындағы тұрғын үйлердің қабырғаларында жиі пайда бола бастаған синтетикалық есірткінің мекен-жайларына қатысты жазуларды жою бойынша акцияға белсенді қатысуға шақырды, өйткені біздің қалада есірткінің таралуы бойынша жағдай күрделірек. Ол балаларды қылмыстық қоғамдастыққа тартудың мүмкін тәсілдері туралы және есірткіні таратқаны үшін қылмыстық жаза қолданылатыны туралы ескертті, сонымен қатар студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Содан кейін Теміртау қаласындағы АИВ/ЖИТС алдын алу орталығының дәрігері Елена Борисовна Старожукова, АИВ жұқпасының берілу жолдары, сондай-ақ одан қорғанудың түрлері туралы айтты. Ол біздің қаладағы АИВ/ЖИТС статистикалық жағдайын жариялады, қалалық АИВ/ЖИТС орталығының ақпараттық парақшаларын таратты, осы парақшаларда көрсетілген телефондар арқылы АИВ/ЖИТС инфекциясы туралы сараптамалық кеңестер алуға болады. Жалпы, кездесу профилактикалық сипатта өтті, іс-шараға қатысушылар арасында үлкен оң пікірлер тудырды. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық, жан-жақты жауаптар алды. Біздің студенттердің пікірлері бойынша, кездесу ақпараттық және пайдалы болды, мұндай іс-шаралар оларға нақты мәселелері шешуге көмектеседі.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Қарағанды индустриялық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы «ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбындағы семинарға қатыстыҚИУ-дың «Парасаттылық мектебінің» іс-шаралар жоспарына сай 2019 жылдың 8 қарашасында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және «Саналы ұрпақ» студенттік клубы мүшелері «ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбындағы семинарға қатысты. Бұл шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ұғымы мен механизмдерін ашу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары бойынша заңнамалық базасын түсіндіру және оқу орнында орын алуы мүмкін тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу шараларымен таныстыру. Семинар жұмысы барысында қатысушылар назарына келесідей сұрақтар бойынша ақпараттық-аналитикалық сипатта презентациялық материалдар берілді: 1) Қарағанды индустриялық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың негізгі формалары мен әдістері 2) Қарағанды индустриялық университетінің басқару және академиялық мәселелер менеджменті бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оған қарсы шаралар» 3) «JAS OTAN» ЖҚ жүргізген анонимді сауалнама нәтижелері бойынша ақпарат Семинарды университеттің «Парасаттылық мектебінің» деканы Капашева Жания Кудайбергеновна және университеттің заңгер-кеңесшісі Шалбарбаев Олжас Мукажанович ұйымдастырды. Капашева Ж.К. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, “Nur Оtаn” партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының, Қарағанды облысының 2019 жылға арналған тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспарының негізгі бағыттары мен іс-шаралар кешеніне тоқталып, университет көлемінде жүргізілетін мониторингтерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен нығайту мақсатында жүргізіліп отырған шараларға тоқталды. Қорыта айтқанда, ҚИУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясатының нәтижесі өскелең ұрпақтың болашақта табысты болуына, білім мен ғылым жолында жоғары жетістіктерге жетуімен сипатталуы тиіс. ҚИУ-дың баспасөз қызметі ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚШ ЖОО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУДЕ2019 жылы 7 қарашада Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Сintana Education (АҚШ) өкілдері: MENA PhD аймағының жетекшілері Wadiah Atiyah, Jeny Orlova және қазақстандық ЖОО өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді. Wadiah Atiyah университеттерді құру және басқару, академиялық мекемелерге арналған миссияларды стратегиялық көзқарас және жоспарлау, инновациялық академиялық бағдарламаларды құру және дамыту, сапаны қамтамасыз етуді басқару, аккредиттеудің өмірлік циклдарын қалыптастыру, жеке мемлекеттік әріптестіктерді құру және инвестицияларды басқару мәселелері бойынша АҚШ-та және шетелде кең жұмыс тәжірибесіне ие маман. Кездесуге шетелдік қонақтармен қатар, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің өкілдері : Сейілов Шахмаран Жүрсінбекұлы – Қазақ Инфокоммуникация Академиясының президенті, ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ: Нүсіпбеков Бекболат Рахишұлы – оқу ісі жөніндегі проректор және Елена Викторовна Минаева-халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы қатысты. Аталған кездесудің мақсаты АҚШ жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау үшін бірыңғай алаң құру, әлемдік стандарттарға сәйкес ғылыми және білім беру қызметінің сапасын арттыру болды. Міндеттері: – ғылым, инновациялық технологиялар саласында халықаралық бағдарламаларды бірлесіп әзірлеу және енгізу, әлемдік ғылыми – білім беру және ақпараттық жүйеге интеграциялау; – АҚШ ЖОО-мен қос дипломды білім берудің инновациялық академиялық бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу және жылжыту; – ҚМИУ ПОҚ және білім алушыларының академиялық ұтқырлығы болды. Кездесу барысында университет қонақтары үшін материалдық-техникалық базамен таныстыру экскурсиясы өткізілді. Делегация Cisco Желілік Академиясының аймақтық орталығына және «СОТСБИ» ақпараттық-коммуникациялық орталығына, 3D инжиниринг және Festa зертханасына, «Электрондық микроскопия және нанотехнология» инженерлік бейіндегі зертханаға, сондай-ақ «Металлургия» оқу – ғылыми өндірістік орталығына болды, онда қонақтар «Металлургиялық үдерістер» тәжірибелік-өнеркәсіптік алаңымен, домна және конвертерлік өндірістің толық циклінің қолданыстағы үлгілерімен таныса алды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанда білім беру жүйесін жетілдіру, жоғары оқу орындарының академиялық және іскерлік стратегияларын әзірлеу, екі дипломды білім беру аясында АҚШ ЖОО-мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау үшін бірыңғай алаң құру мәселелері қаралды. Халықаралық ынтымақтастық Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті қызметінің республиканың жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде ажырамас бөлігі және Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесіндегі біздің университеттің жағдайын арттыруға және әлемдік білім беру және ғылыми қоғамдастыққа одан әрі кірігуге бағытталған халықаралық стандарттарға сәйкес білім сапасын қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып табылады. Іс-шара соңында делегация мүшелері бұл кездесу отандық және шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа векторы болатыны туралы келісімге келді.
ҚМИУ баспасөз қызметі. ҚИУ-ДА КӨРКЕМ ЖАНРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАҒЫТТА ЖАЗЫЛҒАН ШЫҒАРМАЛАР АВТОРЫ ЖАН АҚЖАНОВПЕН СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында студенттерде парасаттылық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 5 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жазылған көркем шығармалар авторы Жан Мухабарұлы Ақжановпен кездесу өткізілді. Бұл шараға университеттің «Саналы ұрпақ» студенттік клубы мүшелері белсене қатысты. Жан Ақжанов – «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача» және «Степь и судьба» сияқты шығармалар авторы. Кездесу қонағы студенттермен ашық диалог орнатып, өз бойындағы жоғары моральдық-этикалық қасиеттерді тәрбиелеу барысындағы ойларымен және тәжірибесімен бөлісті. Қаламгер қазіргі жастардың өзін-өзі тұлғалық тұрғыдан жетілдіруі үшін мемлекетімізде барлық жағдайлар жасалғандығына тоқтала отырып, табысты болудың кілті білімде, тәрбиеде және мақсатқа бағытталған еңбектенуде екендігін өз кейіпкерлері өмірінен мысал ете отырып, баяндады. Жазушының шығармаларында көтерілетін мәселелер жастардың шынайы қызығушылықтарын туғызды. Аталған шараға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Басшысының орынбасары Оразхан Асхат Оразханұлы қатысты. Ол қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру мен нығайтуда парасаттылық, әдеп құндылықтарының рөліне тоқталды
ҚИУ баспасөз қызметі |