“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚАЗАҚСТАН – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ АУМАҒЫ

2019 жылғы 4 желтоқсанда университеттің «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» департаменті, «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің алаңында Грекияның «Понтос» этномәдени орталығының жетекшісі Деспина Ивановна Касапиди және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Динара Кенесқызын Жаңабергенова ұйымдастырған 1-2 курс студенттеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Оның  мақсаты біздің университет студенттерінің Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты қалыптастыру. Этносаралық  және дінаралық келісімнің моделін, мәдениеттер мен діндердің жақындасуына ықпал ететін алаңды құру, осы үрдістегі Қазақстан Республикасы Президентінің рөлі.

Іс-шара барысында жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері және мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі тетіктері туралы пікірталас өтті.

Грекияның «Понтос» этномәдени орталығының жетекшісі Деспина Ивановнаның баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды, этномәдени дәстүрлерді сақтаудың және ұлттық мәдениеттерді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығына өз халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы айтып, біздің қала туралы және оның этникалық жағдайы туралы, «Понтос» орталығының құрылуы және дамуы жайлы, өзінің тәжірибесімен, орталықтың қалыптасу жылдарындағы барлық қиындықтарымен бөлісті.

Біздің республикада елімізде тұратын халықтардың бірлігімен байланысты көптеген мерекелер бар. Солардың бірі – Рухани келісім күні. Бұл – бірлік пен кешірімділік, мейірімділік пен түсіністік күні. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін маңызды.

Іс-шараны қорытындылай келе, Мадина Мейрамқызы Салпенова Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы білімді таратуға, оның этномәдени әртүрлілігін сақтауға және дамытуға, сондай-ақ ұлттық және халықаралық қатынастарды үйлестіруге ықпал ететін осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті, Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады, және бұл қағида Конституцияда бекітілген. Біздің республикамыз көп ұлтты ғана емес, сонымен бірге көпконфессиялы қоғам, сондықтан діннің орасан зор моральдық әлеуеті, діни төзімділік қоғамда біріктіруші рөл атқарады.

Кездесуге қатысушылардың бәрі ортақ пікірге келді: бейбітшілік, келісім, тұрақтылық – біздің алтын қазынамыз.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

04.12.2019, 16:42:44, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІМЕН ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛДІ

Алдын  алу жұмыстарының аясында 2019 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Теміртау қаласының Төтеше жағдай қызметінің өкілдері  өрт қауіпсіздігіне арналған іс-шара жатақханада тұратын студенттермен кездесу өткізді.

Іс -шараның мақсаты – барлық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет жатақханалардағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды талқылау.

Кездесуге Теміртау қаласының Төтенше жағдай қызметінің бас маманы Людмила Дмитриевна Рудник  және аға инженер Дархан Серікұлы Сандықов қатысып, жиналыста өрттің шығу себептері, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері, Теміртаудағы өрт статистикасы, қаражатты пайдалану ережелері туралы айтып берді. Өрт  кезіндегі коммуникациялар мен хабарламалар, өрт сөндіргіштердің түрлері және оларды пайдалану тәртібі, құтқару қызметінің телефондарын еске түсіріп, ақпараттық брошюралар таратты.

Оқу  орнының студенттері тұратын жатақхана ретінде пайдаланылатын объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі әрдайым өрт қауіпсіздігі қызметкерлерінің ерекше бақылауында болады, өйткені жатақханалар адамдардың жаппай және түнде болу орны болып табылады, сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау өте маңызды. .

Әңгіме  барысында өрт болған кезде мінез-құлық ережелері қозғалды, эвакуация тәртібі қарастырылды. Студенттер  бұл әңгімеге қызығушылық танытты, өйткені бұл олардың жеке қауіпсіздігі туралы айтылды.

Әңгіме  достық жағдайда өтті. Дархан  Серікұлы   бірқатар қосымша сұрақтарға да  жауап берді.

Қорытындылай  келе, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады, өйткені оларды орындау төтенше жағдай кезінде өмірді, денсаулықты және мүлікті сақтауға мүмкіндік береді. Тек   осы жағдайда сіз өзіңізді өрттен қорғай аласыз.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

04.12.2019, 16:41:50, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ОҚУ БІТІРЕТІН ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Студенттерді  мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасуға тарту мақсатында 2019 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдерімен магистранттардың іскерлік кездесуі өтті, кездесуді ұйымдастырушы «Мансап орталығының жетекшісі Лариса Витальевна Чепелян.

Бөлімнің  бас маманы Жанар Дайыпқызы Қайыр қабылдау тәртібі туралы презентациялық материал ұсынды

Әкімшілік  және құқық қорғау қызметіне жүгініп, жиналыс қатысушыларына департаменттің негізгі қызметі туралы, мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері және тестілеу тәртібі туралы айтты.

Кездесу  барысында Жанар Дайыпқызы мемлекеттік қызметтің жаңа моделі ашық конкурс және іріктеудің ашықтығы негізінде мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктерін арттырғанына, сондай-ақ меритократия негізінде мансаптық перспективаларға ерекше назар аударды.

Біздің  мемлекет кездейсоқ адамдардың мемлекеттік органдарға жұмысқа алынбайды, арнайы дайындалған, сауатты, құзыретті, тек кәсіби білікті азаматтар мемлекеттік қызметке шақырылады. Сондықтан біздің университеттің түлектерінің мемлекеттік қызметке шақырылу мүмкіндіктері зор.

Іс -шараға 100-ден астам студенттер қатысты.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

04.12.2019, 15:49:17, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР «KAZPROM ENGINEERING» ЖШС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Техникалық  түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараны жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жоғары курс студенттері «kazprom engineering» ЖШС директоры Алексей Латухинмен кездесуі өткізілді. Кездесуді  «Мансап» орталығының жетекшісі Лариса Витальевна Чепелян ұйымдастырды.

Іс -шараның негізгі мақсаты студенттердің диплом алдындағы прктиканы өндірісте өту мүмкіндіктерін талқылау, сонымен қатар біздің университеттің талантты түлектерін жұмысқа орналастыру.

Қарағанды  мемлекеттік индустриялық университеті мен «Кazprom engineering» ЖШС арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандум жасалғанын және бұл кәсіпорын біздің университеттің техникалық мамандықтары бойынша студенттерінің практикалық базасы ретінде негізгі алаңдардың бірі болып табылатындығы атап өтілді.

Алексей  Латухин іс-шараға қатысушыларға «Кazprom engineering» ЖШС туралы презентация жасады, жұмыстың басым бағыттары, еңбек жағдайлары, әлеуметтік тұрғыда  қызметкерлерге төленетін жалақы деңгейі туралы әңгімелеп берді, кез-келген студенттерге жұмыс тәжірибесінен, тағылымдамадан немесе тәжірибеден өтуі үшін бос жұмыс орнында жұмыс істеу ұсынылады.

Кәсіпорынмен танысқаннан кейін компания өкілдері барлық қызығушылық білдірген студенттермен сұхбат жүргізді.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

04.12.2019, 15:45:02, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ЕСБОЛСЫН АЛҒАБЕКҰЛЫ АЛҒАБЕК «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2019» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

«Үздік студент» республикалық жобасы аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенті Есболсын Алғабекұлы Алғабек «Үздік студент – 2019» атағына ие болды және «Үздік студент-2019» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және «Жас қыран» жинағына кірді.

«Жас қыран» жинағына республиканың жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың және конкурстардың жүлдегерлері «Алтын белгі» белгісінің иегерлері; қоғамдық жастар қозғалысының жетекшілері мен белсенділері; Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалар, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіреді.

Жинаққа  кіру конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жобаға  қатысушыларға «Жас қыран» жинағы, арнайы «Үздік студент-2019» төсбелгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табыстады.

Жоба  аясында Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы Ж.Мүлібекұлы және «Бөбек» жалпыұлттық қозғалыс қауымдастығының жетекшісі Е.М.Абиева жобаны жүзеге асырудағы көрсеткен көмегі үшін «Электрэнергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушысы  Тожан Серікқызына Кенжебаеваны да марапаттады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.

03.12.2019, 12:12:23, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар