Онлайн трансляция ЕНТ
Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → САЛЫҚ КОДЕКСІ ЖӘНЕ САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН2020 жылдың 14 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ экономикалық мамандық студенттерінің құқықтық салықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қарапайым тілде салықтар: салықтар 2020» тақырыбында семинар өтті, онда 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының кодексі бойынша салық саласындағы жаңалықтар түсіндірілді. Іс-шараның спикері, Республикалық Кәсіпкерлікті қолдау орталығының негізін қалаушы және директоры, кәсіпкерлер мен бухгалтерлер Қауымдастығының президенті Дмитрий Казанцев. Семинар барысында ҚҚС негізгі өзгерістер қарастырылды; ЭШФ бойынша өзгерістер, виртуалды қоймадағы өзгерістер; жарнамабойынша жаңа салық; кассалық аппаратпен және кассалық тәртiппен байланысты барлық айыппұлдар; статистикалық есеп беру және басқалар. Семинар көптеген кәсіпкерлер мен бухгалтерлерді, экономикалық пәндердің оқытушылары мен студенттерін жинады, олардың кейбіреулері нақты сұрақтар қойды, ал басқалары «білім ешқашан көп болмайды» қағидасымен келді. Іс-шараны қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің күрделі іс қағаздар тілі бірнеше рет біздің кәсіпкерлерге айыппұл салуға себепші болғанын атап өту қажет. Дмитрий Казанцев «Қарапайым тілмен салықтар туралы» тегін семинарларымен бизнестегі салыққа қатысты жаңалықтарды түсінуге көмектеседі. ҚМИУ баспасөз қызметі ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ2020 жылдың 8 қаңтарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Байқау кеңесінің 2020 жылғы бірінші отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, Байқау кеңесі – заңда өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік кәсіпорынның басқару органы. Байқау кеңесінің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіліп, отырыстар жоспарына сәйкес мәселелер қарастырылады. Кеңес құрамына мыналар кіреді: Ержан Тұрсынханұлы Иргебаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары; Ермек Бақытұлы Күзенбаев – «Кәсіпқор» Холдингі ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы; Бахыт Ахатұлы Жаутиков – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры; Дидар Нұркенұлы Смағұлов – Ұлттық тестілеу орталығының директоры; Санат Қабиденұлы Мусин – Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаментінің директоры; Есентай Мұқатайұлы Әшім – Теміртау қаласының білім бөлімінің бастығы; Алексей Борисович Ломакин – Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы. Кеңес мүшелері Байқау кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті, ҚМИУ ұжымдық шартының орындалуы туралы есеп тыңдалды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жоғары білім алу барысында босатылған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы мәселе қарастырылды. Байқау кеңесі жұмысының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне мемлекеттік білім гранты үшін жазғы және қысқы сессиялардың нәтижелері бойынша конкурстық негізде таңдалған үміткерлерге бос қалған білімдік гранттарды ұсыну туралы шешім қабылданды. 2019 жылдың маусым-желтоқсан аралығында университетте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үрдісінде босатылған мамандықтар, курстар және оқыту нысандары бойынша 12 бос грант бар. Отырыстың қорытындылары бойынша Байқау кеңесінің мүшелері университеттің әрі қарай табысты жұмыс жасауына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. ҚМИУ баспасөз қызметі
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР, ДЕНЕ ТӘРБЕСІ» кафедрасының профессоры, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ТӨКЕН СМАҚҰЛЫ БАЙҒАБАТОВ ақсақалды 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР, ДЕНЕ ТӘРБЕСІ» кафедрасының профессоры, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ТӨКЕН СМАҚҰЛЫ БАЙҒАБАТОВ ақсақалды 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің әкімшілігі мен профессорлы-оқытушылар құрамы Төкен Смақұлы Байғабатовты 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
2020 жылдың 7 қаңтарында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, құрметті профессор, Қарағанды металлургия зауытының ардагері және ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары, ғылыми жұмыстары мен оқытушылық қызметінде әріптестері, магистранттар мен студенттер арасында лайықты беделге ие университетіміздің қарт ұстазы, ақсақалы, Төкен Смақұлы Байғабатов өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Төкен Смақұлының бұрынғы студенттері оқытушыларын әрқашан жылулықпен және мақтанышпен еске алады, өйткені Сіздің елу жылдық еңбегіңіз біздің университетпен тығыз байланысты. Оның ұстаздық қолынан талантты студенттердің бірнеше буыны білім алды. Төкен Смақұлының еңбек жолы таусылмайтын қуат пен зор еңбекқорлығының, таңдаған мамандыққа деген жанқиярлықпен қызмет етудің куәсі. Әріптестер мен студенттер оны мейірімді, объективті ұстаз ретінде біледі және оның жоғары кәсіпті біліктілігін, ізденіштігі мен еңбекқорлығын атап өтеді. Төкен Смақұлы оқу процесін жетілдіруге қажетті ғылыми-әдістемелік жұмыстармен тамаша үйлестіреді, өзінің білімі мен біліктілігін жас әріптестерімен бөліседі. Құрметті Төкен Смақұлы! Сізге шығармашылық табыс зор денсаулық, бақыт және сізге және жақындарыңызға молшылық тілейміз! ҚМИУ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ, «МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ МАШИНАЖАСАУ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, АНАТОЛИЙ КОРНЕЕВИЧ ТОРГОВЕЦТІ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің әкімшілігі мен профессорлы-оқытушылар құрамы Анатолий Корнеевич Торговецті 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! 2020 жылдың 6 қаңтарында жарты ғасырлық қызметі біздің университетпен тығыз байланыста болған құрметті профессор, металлург-маман, ғылыми кеңесші және көрнекті ұстаз Анатолий Корнеевич Торговец өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Анатолий Корнеевич, ол өзінің барлық білімі мен тәжірибесін өзінің сүйікті ісіне арнады – студенттердің көптеген ұрпақтарына металлургия негіздерін үйретті. Оның жұмысқа деген жауапкершілігі мен саналы қарым-қатынасы жоғары тиімділікпен қатар, құзыретті оқытушы ретінде беделге сонымен қатар жұмыста жауапты, студенттер мен әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болуымен бүкіл ұжымның құрметіне ие болды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және металтану» кафедрасының меңгерушісі болған жылдары ол өзінің айналасына жоғары ғылыми әлеуетке ие білікті мамандарды топтастыра білді, ал оқу ісінің проректоры ретінде ол белсенді өмір салтымен, сарқылмас энергия мен шығармашылық әлеуеттің үлгісі болды. Құрметті Анатолий Корнеевич! Шын жүректен Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Осы күні айтылған барлық жақсы сөздер мен тілектер орындалсын! |