“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


МЕТАЛЛУРГИЯ – КЕҢ ҰҒЫМ

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің 75 жылдығын атап өткен құрметті профессоры Өтепберген Артықбаев «Жалпы металлургия» еңбегін орыс тілінен қазақ тіліне аударуды жоспарлап отыр.

Өтепберген Артықбаевтың жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі жарты ғасырды құрайды. Қарметкомбинат жанындағы зауыт – ЖТОМ-ға (ҚМИУ бұрын солай аталған) ол 1966 жылдың қаңтарында Еңбек Қызыл Ту орденді құрыш және қорытпа институтын бітіргеннен соң бөлу негізінде келген. Мұнан соң ол ССРО астанасындағы аспирантурада білім алып, қазақ жеріне қайта оралды. Зауыт – ЖТОМ-дағы ондаған жылдардың ішінде  Өтепберген Артықбаев «Қара металдар металлургиясы» кафедрасының оқытушысы, кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, соңынан сол кафедраның меңгерушісі, металлургия факультетінің деканы, тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 2003 жылдан ол – «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры.  Университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады, Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ғылым академиясының тау-кен секциясы (ХҒАТС)  бойынша академигі Өтепберген Артықбаев 70-тен астам әдістемелік еңбек, авторлық бірлестікте ISBN грифімен 8 оқу құралын жазған. «Шойын металлургиясы» және «Қазақша-орысша металлургиялық түсiндiрме сөздiгi» қазақ тіліндегі жеке авторлық еңбек.

Ол күні бүгінге дейін ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. «Құрмет белгісі», «Еңбек ардагері» медалінің иегері, «Білім беру ісінің үздігі» және «КарМетИ-ге еңбегi сiңген қызметкер» атағына ие. Өтепберген Артықбаевтың жетекшілігімен «Кен Агломериациясы» және «Шойын металлургиясы» зертханалары ашылды.

Металлургияның негізгі бөлімі – ең бастысы кенді балқытуға дайындау. Өтепбарген Артықбаев өз шәкірттерін осыған дайындайды.  Сабақтан тыс уақытта өзі тақырыбы бойынша кезекті әдебиетті орыс тілінен қазақ тіліне аударумен айналысады. Жуырда ғана 450 беттен тұратын «Кен даярлау және оны балқыту» («Подготовка руд к плавке») атты еңбегін баспаға ұсынды.

–   Металлургия  сөзі кенді дайындау дегеннен гөрі  кеңірек ұғымды білдіреді. Сондықтан мен Воскобойников, Кудрин және Якушевтердің «Жалпы металлургия» атты еңбектерін қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмын. Кітапта негізгі металлургиялық өндірістер мәселесі, шикізаттардың сипат-тамасы және оларды дайындау тәсілдері қарастырылған, домна және болат өндірудің, сондай-ақ ферроқорытпа өндірісінің теориясы мен технологиясы бүге-шігесіне дейін анық көрсетілген, металлургиялық үдерістердің және өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерініңфизика-химиялық негіздері көрсетілген, металлургиялық цехтардың жабдықтары жайлы материалдар берілген.  Оқулық қарапайым  және түсінікті тілмен жазылған, ол өзіміздің кітапханада бар. Студенттер оны ынты-жынтысымен пайдаланады – дейді ҚМИУ-ң құрметті профессоры.

               ҚМИУ баспасөз орталығы


МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры  Юрий Иванович Шишкин жуырда ғана ҚМИУ басшылығы мен әріптестерінің атынан 75 жылдығына орай құттықтауды қабылдады.

Ол 1941 жылы Волгоград обылысында дүниеге келген, сонда мектепті алтын медальмен аяқтаған. Қарағанды политехникалық институтының «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша білім алғаннан кейін, алдымен Бардин ат. ЦНИИЧМ-ң Қазақстандағы филиалында (қазіргі Ж.Әбішев ХМИ), соңынан Қарағанды металлургиялық комбинатында шихтаның аға мөлшерлегіші, балқытушы, аға балқытушы, ауысым бастығы, дистрибутор машинисі қызметтерін атқарды.  В.И.Ленин атындағы 100 жылдық  мерейтойлық медальмен марапатталған.

1974 – 1978 жылдар аралығында Юрий Иванович Шишкин Мәскеу құрыш және қорытпа институтының аспирантурасында оқыды, оны аяқтағаннан соң оған «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты атағы берілді.

Оның Карметкомбинаттың зауыт-ЖТОМ-на келіп, күні бүгінге дейін осында жұмыс жасап жатқанына 38 жыл болды. 1987 жылы оған доцент ғылыми атағы берілді.

Юрий Иванович университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады, қала мен аудан мектептерінің түлектері арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жұргізеді, мемлекеттік бюджет және республикалық, халықаралық ғылыми-техникалық конференция жұмыстарына қатысады. Оның ықпалымен бірнеше зертханалар ашылып, лекциялық және тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік құралдар кешені дайындалған. Профессор 100-ден астам ғылыми еңбек жариялап, ISBN грифімен 5 оқу құралын жариялаған.

ҚМИУ баспасөз орталығы


БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТА ОТЫРЫП

ЖОО студенттерінің«Металлургия» және «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша жылдағы Республикалық пәндік олимпиаданың екінші туры  8 сәуір күні Қарағанды мемлкеттік индустриалды университетінде өтті.

Бұл олимпиада республикалық студенттік олимпиада аясында ерекше кәсіби  қабілеті бар болашақ мамандарды анықтау және дамыту, талантты студент жастарды қолдау,  сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаға команда қалыптастыру мақсатымен өткізіледі.

Олимпиаданың негізгі міндеті студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу әрекеттерін ынталандырып, студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, өзіндік сана, шығармашылық қабілеттерін ашу, олардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау; студенттердің азаматтық көзқарасын тәрбиелеу; талантты және дарынды студентттерді қолдау және іріктеу; білім беру жүйесін жетілдіруге деген белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

«Металлургия» мамандығы бойынша олимпиадаға ҚМИУ, Қар МТУ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті, Евразия инновациялық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстің Қазақстан мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің 2,3,4 курс студенттерінен құралған 6 команда қатысты.

Екінші турдан соң байқау комиссиясы жасаған қорытындыға сәйкес1- орынға ҚМИУ командасы, 2-орынға Қ.Жұбанов атындағы ААМУ командасы, 3-орынға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ лайық деп танылды.

Сондай-ақ байқау комиссиясының шешімімен төмендегі студенттер:1-дәрежелі дипломмен ҚМИУ студенті Жексембаев М., ІІ-дәрежелі дипломмен Қ.Жұбанов атындағы ААМУ студенті Әбдірашит А. және Мальцев К., ІІІ дәрежелі дипломмен М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенті Б.Түленов пен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Д.Оралхановалармарапатталды.

«Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша олимпиадаға ҚМИУ және ҚарМТУ-ң  екі командасы қатысты. Нәтижесінде комиссия мүшелері  бірінші орынға №2 ҚМИУ командасы, екінші орынға №1 ҚМИУ командасы, үшінші орынға ҚарМТУ командасын лайықты деп тапты.

1-дәрежелі дипломмен ҚМИУ студенті С.Михеев, ІІ-дәрежелі дипломмен ҚМИУ студенті К.Таир және С. Әбдіраманов, ІІІ дәрежелі дипломмен ҚМИУ студенттері А.Мырзасейітова және В.Цыгановалар марапатталды.

ҚМИУ баспасөз орталығы


ЖАС ҒАЛЫМДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қарағанды мемлекеттік индустриалды универсиетінде 7 сәуір күні «Жастардың ғылыми шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуы» атты XLVI ғылыми-техникалық конференция болып өтті. Серіктес ретінде Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университеті  және Теміртау жастарының  ресурстық орталығы қатысты.

Оған ЖОО-ң профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер, сондай-ақ қаланың политехникалық және индустриалды-технологиялық колледждерінің оқушылары, Теміртау сауда және азық-түлік колледжі, ПТКЛ, №1 және бірнеше мектеп оқушылары қатысты.

  • Конференцияны өткізудің негізгі мақсаты – студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық және оқу-зерттеу әрекеттерін ынталандырып, студенттер мен оқушылардың арасындағы таланттылар және дарындыларды қолдау және іріктеу, республикамыздың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал жасау, – дейді ғылым және инновация департаментінің директоры Әлия Аменова.

Конференция пленарлық отырыстаҚМИУ студенттері мен оқытушыларының дайындығының өте жоғары екендігін айтып, конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеген Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университеті өкілдерінің видеобайланыс арқылы сөйлеген сөзінен басталды. Университеттің магистранттары мен жас ғалымдары баяндама жасады. Соңынан университеттің түрлі дәрісханаларында секциялар өз жұмыстарын жалғастырды. Онда «Материалтану және металлургия», «Металдарды қысыммен өңдеу», «Химиялық технология және экология», «Жылуэнергетикасы, электроэнергетика және өндірісті автоматтандыру», «Физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологияялар», «Архитектура және құрылыс», «Экономикалық ғылымдар және бизнес», «Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар» және «Филологиялық ғылымдар» тақырыптары бойынша өзекті мәселелер қарастырылды.  Барлығы 370 баяндама жасалып, бұл өткен жылдағымен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Нәтижесінде ең үздік баяндамалар алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Олар: бірінші орын – №24 ЖОМ 8-сынып оқушысы Кристина Касяник  және Елена Прутько, ҚМИУ магистранты Александр Доля, ҚМИУ студенті Владислав ГолубДенис ВоронинБауыржан ЖалгасовИван ГоловашДмитрий БужинскийАйбар АягановВасилий КимАндрей МарининДарья Корепанова жіне Ульяна Шарафутдиновалар.

Екінші орын Теміртау индустриалды технологиялық колледжі студенттері Юрий Ибраев және  Олеся Федченко, ҚМИУ магистранты Владислав Соловьев, ҚМИУ студенттері Валихан РахимовАнастасия НевзороваТатьяна КоржаневскаяйАлександр КожемякинДмитрий ВарзиаСүндета ТұрсынбекАида Шарипова, Әйгерім ПірмағанбетАнастасия НосоваБауыржан Усенбековтерге бұйырды.

Үшінші орынға №21 ЖОМ ПТКЛ 8-сынып оқушысы Константин Дружинин, Георгий Мезенцевқа, №21 ЖОМ 10-сынып оқушысы Диана Хамидулловаға, Темиртау сауда және азық-түлік колледжінің студенті  Даниил Пышняк, Темиртау политехникалық колледжінің студенті  Роза Жұмабайқызы, ҚМИУ магистранты  Сергей Толмачев, ҚМИУ студенті Алексей КороленкоСергей АтакишиевГалиае Чебурей, Владимир Величко, Александр Кожемякин, Иван Мойсейкин, Сергей Зокоеву, Алмасбек Аднабеков, Салтанат Кенжеахметова, Сабира Қараман, Бауржан Құдайбергендер ие болды.

 ҚМИУ баспасөз орталығы


ҚМИУ-да СҒЗЖ байқауының ІІ кезеңі өтті

Жыл сайын өтетін ҚР Жоғары оқу орындары студенттерінің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша  республикалық ғылыми-зерттеу байқауы «Металлургия», «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандықтары бойынша негізгі оқу орны болып табылатын Қарағандымемлекеттік  индустриалды университетінде өтті.

Байқау комиссиясының құрамына ҚМИУ, «АрселорМиттал Теміртау» және қалалық әкімдік өкілдері енді. Олар  ҚМИУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰИТУ, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік гуманитарлық унверситеті, Рудный индустриалды институты, Евразия инновациялық университеті және ҚарМТУ-ң«Металлургия», «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандықтарыстуденттерінің 23 ғылыми-зерттеу жұмыстарын қарап шықты.

Байқауға «Исследование твердофазного восстановления отвального шлака медеплавильного производства», «Повышение эксплуатационной стойкости элементов армировки скиповых стволов угольных шахт», «Деформация четырехвалковой системы НШПС-1700 АО «АрселорМиттал Темиртау», «Способы повышения качества литой заготовки», «Брикетирование отходов металлургического производства», «Исследование напряженно-деформируемого состояния при прокатке листов в винтовых валках», «Разработка технологиивыплавки марганецсодержащего чугуна из некондиционных железомарганцевых руд Казахстана» және тағы да басқа тақырыптар бойынша жұмыстар ұсынылған.

  • Байқау комиссиясы бір ай көлемінде жұмыс жасады, – дейді комиссия төрағасы, ҚМИУ оқу ісі жөніндегі проректор Гүлнар Жақсыбаева. – Арнайы дайындалған бағалау парақтарына сарапшылар тарапынан жұмыстың өзектілігін, жүргізілген зерттеулерін, қол жеткізген жетістіктерін, студенттің өзінің жұмысқа қатысу деңгейін есепке алған бағалар қойылды. «Металлургия» мамандығы бойынша Қазақстандағы 11 жоғары оқу орнында білім беріледі, ал «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы ҚМИУ және Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰИТУ-да ғана дайындалады. Сондықтан екінші мамандық бойынша байқау тек екі оқу орнының арасында ғана жүргізілді.

Студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу байқауының екінші кезеңі ҚР Білім және ғылыми министрлігінің деңгейінде өтеді. Жеңімпаздардың есімі сонда анықталады.

ҚМИУ баспасөз орталығы