“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Жемқорлықпен күрес – әркімнің ісі

ҚИУ-да «Адал жол – Чистый путь» республикалық марафоны шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест өтті. 11 сәуірде Теміртаудың әртүрлі колледждерінің жеті командасы жемқорлықпен қалай күресу екендігін айтты және көрсетті.

Теміртау қ. ішкі саясат бөлімімен бірге ҚИУ ұйымдастырған квестке Сауда және тамақтану колледжі, Медициналық колледж, «Мирас» көпсалалы колледжі, Кәсіби-техникалық колледж, Өндірістік-технологиялық колледж, Техникалық колледж және Жоғары политехникалық колледж студенттері қатысты.

Қазылар алқасының құрамына: Теміртау қ. ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Н.Жүнісова, Теміртау қ. әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Е.Ж.Гомаров, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Т.С.Войтенко, ҚИУ “Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының оқытушысы Д.К.Жанабергенова мен ҚИУ заңгері О.М. Шалбарбаев кірді.

Квесттің негізгі мақсаттары мен міндеттері – жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын, күнделікті өмірде жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды енгізу, адалдық пен парасаттылыққа тәрбиелеу.

Бірінші кезеңде командалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруі қажет болды. Мысалы, «Жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңы қашан қабылданды, кім жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектісі болып табылады, кім табысы мен мүлкі туралы декларацияны беруге міндетті?

Екінші кезеңде қатысушылар «сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқатырғыштар» жинады. Үшінші кезеңде қатысушылардың бірі бірдей түбірлік сөздерді айтпай түсіндірген сөздерді шешті. Бұдан әрі колледж студенттерін “Сот әділдігі” тақырыбында филворд күтті, онда олар қандай қадағалау органы азаматтар мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттер заңдылығына бақылау жүргізеді,  лауазымды тұлғалармен қабылданатын іс-әрекет немесе әрекетсіздіктер материалдық құндылықтары, істеген әрекеті үшін жасалатын төлемдер қалай аталады және т.б. әрі қарай жауап беруі керек болатын.

“Пара беру” көрермендермен ойын шулы және қызықты болды. Біреу ақшаларын жасырды, ал біреу – оларды іздеді. Қатысушылар пара беру немесе пара іздеу – оңай міндет емес екендігін өздері сезініп көрді.

Келесі кезең кезінде экранда әртүрлі заңсыз жағдайлар көрсетілді, ал қатысушылар жемқорлықтың түрін анықтады. Енді колледж студенттері, егер қалалық әкімшілігі кәсіпкердің өтініші бойынша жер учаскесі жөнінде мәселені шешуді ұзақ уақыт мерзімде кешіктірсе, онда ол әуре-сарсаңға салушылық, ал егер тегін ұсынылатын дәрі-дәрмектерді таратуға жауапты қандай да бір мемлекеттік қызметкер дәрі-дәрмектердің бір бөлігін жеке дәріханаларға  жоғары бағамен әрі қарай іске асыру үшін жіберсе – бұл ысырап екендігін нақты біледі.

Соңғы кезеңі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 7 минуттық плакаттың құрастырылуы, оған қоса ширек жазуы және таныстырылымы болды.

Қазылар алқасының жиынынан кейін қорытынды жарияланды:

1-ші орынды Теміртау жоғары политехникалық колледжінің “Құқық қорғаушылары” командасы иеленді;

2 орын – Теміртау индустриалды-технологиялық колледжінің “Неспор” командасында;

3-орынды Теміртау “Мирас” көпсалалы колледжінің “Операция Ы в Темиртау” командасы алды.

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен грамоталар, барлық қатысушыларға  – дипломдар, ал командаларды дайындаған басшыларына алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара соңында жүргізушілер қатысушыларға жемқорлық – екі жақты қозғалысы бар көшелер екенін есіне салды: егер алатын адам бар болса, онда міндетті түрде беретін адамда бар. Барлық бағыттарда күресу қажет. Жемқорлықпен күресу – әркімнің ісі.

ҚИУ баспасөз қызметі

 

 


Фибоначчи схемасы бойынша күн батареялары

ЭЭ-17қ тобының студенті Дмитрий Тарба ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалардың халықаралық байқауында ІІІ орынды иеленді.

Байқау 4-5 сәуірде Бөкетов ат.ҚарМУ-да өтті. Оған Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты. Жұмыс бірнеше секцияда жүрді: «Компьютерлік графика және анимация, дизайн», «Инновациялық оқыту әдістері мен құралдары», «Web-ресурстар әзірлеу мен ақпараттық қауіпсіздік», «Бағдарламалау», «Мехатроника и робототехника».

ҚМИУ студенті Дмитрий Тарбаның «Фибоначчи схемасы бойынша әзірленген күн батареялары» жұмысы ІІІ дәрежелі дипломға лайық деп танылды. Оның ғылыми жетекшісі “Жаратылыстану-ғылыми пәндер” кафедра меңгерушісі м.а., ф-м.ғ.к., доцент Есенбол Хуанбай.

Дмитрий өзінің жұмысында күн энергиясын қолданудың баламалы тәсілі – кеңістікте күн панельдерін тиімді геометриялық орналастыруды ұсынды. Бірінші курс студенті жаңартылатын энергия көздерін құруға арналған жаңа форматты ұсынды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Зияткерлік ойын

Астанада 4-6 сәуірде Динара Сәдуақасова Кубогына студенттер арасында шахматтан дәстүрлі республикалық турнир өтті. Жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің командасы жарыстарға алғаш рет қатысты.

Динара Сәдуақасова – шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер, ҚР бірнеше дүркін және даусыз чемпионы, ООН Unicef балалар қорының Ізгі ниет Елшісі. Динара Сәдуақасованың Кубок Турниры Гумилев ат.Еуразия Ұлттық университетінің студенттік қоғамдастық бастамасымен 2013 жылы құрылған. Бұл жарыстар осы ЖОО қабырғасында жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитын күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін өткізіледі.

Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 33 команда қатысты. Әр команда құрамына 26 жастан аспаған екі ер бала және бір қыз кірді. ҚМИУ-дан жарысқа Василий Ким (ЕТБҚ-14 т.), Сұлтан Тұран (ЭЭ-17қ т.) және Айгерім Махметова (Қ-15қ т.) қатысты.

Турнир тоғыз турдан тұрды. Үш күннің әрқайсысында командалар бір-бірімен әрқайсысы ұзақтығы 15 минуттық үш ойында кездесті. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өткізілді, бұл қажет болған жағдайда жетіспейтін ұпайларды жинауға мүмкіндік берді.

– Жарыс қызықты өтті. Партиялар арасында үлкен үзілістер болды, сол кезде біз өз қателіктерімізді анықтауды, сөйлесуді, басқа қатысушылармен ойнауды жүзеге асырдық, – деді Василий Ким. – Біздің қарсыластар әртүрлі болды, бірақ тұтастай команда болған жоқ. Әр ойында мүмкіндіктер болды және күрес болды.

ҚМИУ командасы 21-ші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар біздің балаларымыздың жақсы дайындық деңгейін, сондай-ақ олардың университеттің атымен және логотипімен бірыңғай формасын атап өтті. Турнир соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

Фото с сайта https://kipyat.com

 


ҚИУ студенттері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

6 сәуірде Қарағанды индустриялық университетінің 100 студенті Теміртау қ. әкімдігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен ұйымдастырылған «Адал жол – Честный путь» атты жемқорлыққа қарсы марафонға қатысты. Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында өткізілетін акцияның негізгі мақсаттары – жемқорлықтың алдын алу, барлық құқық бұзушылықтардың нысандарында “мүлдем төзбеушілік” қағидатын, жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте теміртаулықтарды тарту, белсенді азаматтық позиция көрінісін көрсету.

Эстафетаны біздің қалаға Қарағанды берді. Теміртау әкімдігінің алдында митинг өтті, оған  қала әкімі Ғ.Әшімов, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің бастығы Ж.Сәрсенов, мемлекеттік қызметкерлер, қалалық мәслихат депутаттары мен студенттер қатысты. Митинг барысында ҚИУ өкілдері алаяқтық, парақорлық және лауазымды тұлғалардың сатылуын білдіретін әуе шарларын жарып жіберді. Осылайша, қыздар мен ұлдар Теміртау қаласының барлық жастарын республикалық акцияға қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілермен бір қатарға тұруға шақырды.

Содан кейін ҚИУ студенттері мемлекеттік мекемелердің басшыларына сабын тілімдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белгісі ретінде таратып, әкімдіктің ғимаратында «Таза қолдар» акциясын өткізді. Бұдан басқа, жас адамдар Теміртау әкімінің, қалалық мәслихаттың хатшысы және барлық мемлекеттік органдардың басшылары кабинеттерінің есіктеріне «Мен пара алмаймын, бермеймін» ұраны мен сенім телефон тақтайшаларын бекітті. Осылайша, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты белсенді келіспейтін азаматтық ұстаным болды. Осы жерде айта кеткен жөн, ҚИУ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қалалық және облыстық байқаулардың бірнеше рет жеңімпазы болды.

Марафон қала бойынша автошерумен жалғасты. Автокөліктер мен автобустар мемлекеттік жалаумен, «Адал жол» жазуы бар жалаулармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға  қатысты ұрандармен Теміртау бойынша жүріп өтті.

Марафон 20 сәуірге дейін жалғасады. Оның аясында  байқаулар, акциялар, квест, флешмобтар, кездесулер өтеді, олардың негізгі мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Марафон форуммен аяқталады.

ҚИУ баспасөз қызметі

 

 


«Группа крови» финалда

2017-2018 маусымының “Магнитка” ашық лигасының соңғы финалисті белгілі болды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 4 сәуір күні КТК көктемгі Кубогы өтті. 

 “Аяулы ханымдар үшін!” тақырыбындағы ойында 7 команда қатысты.  Әзілдер, өздеріңіз байқағандай, тақырыпқа сәйкес болды. Әр команда шығуына бес минут берілді.

Нәтижесінде бірінші орынды “Группа крови” командасының балалары иеленді. Екінші орында – “Нестандартная” командасы, үшінші орында – “Сборная программистов УФФ”. “ПедаБоги” командасынан Зарина Нозимова үздік ойыншы деп танылды.

Көктемгі Кубок чемпионы чемпионат финалына шықты.

Ойын ұйымдастырушылары – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Теміртау қ. Ашық лигасы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Нұр Отан» партиясының филиалы, «Жас Отан» ЖК Теміртау бөлімшесі және «Теміртау Жастар Клубы» ҚБ.

ҚМИУ Баспасөз қызметі