“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Энергетика» кафедрасында ғылыми семинар өткізілді

25 наурызда «Энергетика» кафедрасында «АСКУЭК энергетикалық ресурстарды басқару және есепке алу жүйесі» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарды техника ғылымдарының кандидаты, «Энергетика» кафедрасының профессоры Гульнара Газизовна Жабалова жүргізді. Семинарға кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты.

Бүгінгі күні бұл тақырып өте өзекті болып отыр, өйткені энергияны есептеудің автоматтандырылған жүйелері тұрғын үй, коммерциялық және өндірістік нысандарда электр және жылу энергиясын тұтынуды есепке алуға мүмкіндік береді. Жүйелер  бір деңгейлі диспетчерлік және қаржы орталықтарымен үй, аудандар, қала, елді мекен деңгейінде энергия ресурстарының тұтынылуын ескере алады. Семинарда университет ғимараттарында автоматтандырылған жылу бекеттерін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.

26.03.2021, 11:37:53, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Ғылым айы – 2021

Сілтеме: https://sites.google.com/tttu.edu.kz/sciencetttuedu/month-of-science

26.03.2021, 11:30:19, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «ЖАСТАР, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ: ЖАҚСАРУ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ЖОЛДАРЫ» ОНЛАЙН ФОРМАТЫ

Күні: 14 сәуір 2021 ж
Уақыты: 15.00 – 16.30
Платформа: Google Meet

Сілтеме: https://sites.google.com/tttu.edu.kz/sciencetttuedu/international-science-conference-in-online-format-youth-science–technology?authuser=0

26.03.2021, 11:25:26, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

КарИУ «Sanaly Urpaq-2021» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінің кезекті дәрістік сабақтарына белсенді қатысты

«Sanaly Urpaq» жобалық кеңесі «Adaldyq Alany» сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Қызметінің жобалық кеңсесі өкілдерімен бірлесіп  өткізген онлайн сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мектебінің бір апталық дәріс сабақтарына ҚарИУ студенттері  қатысты.

«Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметі» тақырыбында өткізілген дәріс бойынша пікірсайыста  көрсеткен азаматтық белсенділіктері үшін арнайы сертификаттарға ие болды.

Дәрістер  мемлекеттік тілде жүргізілген бірінші дәрісті   «Sanaly Urpaq»   Республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекович «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күресу тәжірибесі» тақырыбында өткізді, ол жерде өз ойымызбен бөлісіп ашық сұхбат болды. Екінші дәрісті  «Тұран» университеттің «Құқықтану және ХҚ» кафедрасының доценті Аралбаева Айгерим Адиловна « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибе» тақырыбында болды. Дәрісте жемқорлық аз елдердің ұстанатын қағидаларымен  бөлісті.

Үшінші дәріс Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы  Ізтұрғанова Гүлнар Қосшықызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар» оқыды.

Келесі дәрісті Қарағанды индустриялық университтетінің «Парасаттылық мектебінің» жетекшісі Капашева Жания Кудайбергеновна «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді ынтымақтасықтың нақты мысалдары» атты тақырыбында өткізіліп, тыңдаушылармен пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Бесінші дәрісті «Құқықтану және ХҚ» кафедрасының аға оқытушысы Бакиров Дархан Абдіманапұлы «Сыбайлас жемқорлықтан теріс салдарын еңсеру үшін қолданылатын стратегиялар» тақырыптары  бойынша пікірталас алаңы түрінде парасатталық идеологиясын жүзеге асырудың тұжырымдамалары жан-жақты талқыланды. Дәрістер барысында пікір алаңында өзіндік көзқарасымызды дәлелдеуде университетіміздің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы меңгерушісінің м.а. Мағира Солтанның «Парасаттылық және құқық негіздері пәні бойынша берген теориялық білімі»  көп септігін тигіздендігін айта кеткім келеді. Онлайн мектебінің тыңдаушысы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы неғұрлым кең, тың мәліметтерге ие болғандыммен құнды болды. Осындай  шараны өткізген клуб ұйымдастырушыларына алғысым шексіз.

ҚарИУ
1 курс студенті
Тәсібек Меруерт

25.03.2021, 17:06:59, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАЗЫБЕК БИ МҰРАСЫНДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды.

Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға.

Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды.

Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер.

Парақорлық пен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады, деді ол.

Қазыбек би үшін адамгершілік, ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды. Мысалы «Өркенім өссін десең, кекшіл болма –кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма – өскеніңді өшірерсің», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп айтып, әр қабылданар шешім мен істің тек бір адамның ғана емес, тұтастай елдің тағдырына әсер ететінін жеткізген.

Қазыбек би бір оқ атпай, артық қантөгіссіз ең күрделі мәселелерді шеше алған.

Ең мықты хандар мен қасарысқан жаулар да оның сөзіне құлақ асқан, өйткені Қазыбек би оларды сөзі мен даналығымен таң қалдырған. Оларды жүректеріне жеткізіп айта білген.

Ол сондай-ақ бытыраңқы қазақ руларын біріктіріп, бейбітшілік пен келісімге шақырды. Өзінен кейін халқы өмір сүрген әділ заңдар қалдырды.

Тапқырлық, шешендік, шыншылдық – адалдық сабағында қозғалған Қазыбек бидің үш қасиеті.

 

25.03.2021, 11:29:36, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар