«Tau-Ken Temir» ЖШС мен Қарағанды индустриялық университеті арасында меморандумға қол қойылды
2021 жылғы 1 сәуірде Қарағанды индустриялық университеті мен «Tau-Ken Temir» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды. Қол қою рәсіміне ректордың м.а. Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов және «Tau-Ken Temir» ЖШС Бас директоры Рустам Александрович Ақбердин қатысты.
Меморандум екі ұйымның серіктестік байланыстарын кеңейтеді және Tau-Ken Temir мамандарының өндірістік тәжірибесін және КарИУ ғылыми әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Меморандум шеңберінде «Tau-Ken Temir» тапсырысы бойынша, оның ішінде университеттің бірегей кен-термикалық пештерінде ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады, олар жаңа физика-химиялық қасиеттері бар материалдарды алу мақсатында ірі жобалар мен бағдарламалар шеңберінде ауқымды зерттеулер үшін негіз бола алады. Сондай-ақ, түрлі гранттық конкурстарға және ПЦФ-ға қатысу үшін өтінімдерді бірлесіп беру, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша келісімге келді. Ғылым мен өндірісті интеграциялау бойынша міндеттерді іске асыру үшін тұғырнама болатын бірлескен инновациялық инфрақұрылым құру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, меморандум бойынша бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, жарияланымдармен және басқа да ғылыми материалдармен алмасулар өткізу жоспарланған. Студенттердің өндірістік практикасы «Tau-Ken Temir» ЖШС өндірістік алаңдарында және біздің университет базасында ұйымдастырылады, «Tau-Ken Temir» ЖШС базасында да оқытушылар, қызметкерлер, магистранттар, PhD докторанттарының біліктілігін арттыру және ғылыми тағылымдамадан өткізу бойынша бірлескен жобалар іске асырылады.
Кәсіпорын өкілдері біздің университетімізде жұмыс істейтін «Металлургия» ғылыми-өндірістік орталығында болып, іске қосылған кен-термикалық пешімен танысты, орталықтың жұмысын зерттеді. Қазіргі уақытта университет ғалымдары металлургиялық қайта бөлу процестерін цифрландыру және «Цифрлық металлургия» ғылыми-білім беру порталын құру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Анықтама. «Tau-Ken Temir» ЖШС 2013 жылғы 28 қарашада құрылды, Қарағанды облысындағы Ақтас және Ақшоқы-3 талшықты кварц кен орындары базасында металлургиялық кремний өндіру жобасын іске асырумен айналысады. Жобалық қуаттылығы-23,9 мың тонна. Өнімдер Еуропа елдеріне, Ресейге, Канадаға, АҚШ-қа сатылады.