“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Халық ағартушылары» қатарына қосыл!

народ учитель

«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы “Зияткер ұрпақ” жобасының қайта жаңғырғаны туралы хабарлайды!

Шара қалалық және ауылдық орта білім беру ошақтарын қамтиды. Мансабы өрлеген маман, қоғамда өзіндік орны бар тұлға немесе кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Ал «Зияткер ұрпақ» дәл осы жетістікке жеткендер мен соны армандайтындар арасын байланыстырушы алаң.
Жоба туралы толығырақ келесі сілтемеде:   https://kz2050.kz/kz/news/1083

Қалай атсалысуға болады? 
– Сілтеме арқылы өтіп, сауалнама сұрақтарына жауап беріңіз;
* сауалнамада жобаға іріктеу сатыларына қатысты мәлімет берілген.

https://docs.google.com/forms/

“Қазақстан-2050” Жалпыұлттық қозғалысына қосыл!
“Зияткер ұрпақ” жобасына атсалыс!
Біліміңмен, тәжірибеңмен бөліс!

Байланыс телефондары: 8 (7172) 280-387, 729-470.


«АЛТЫН ГЕФЕСТ 2016» Ұлттық байқауы

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетін  Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму Министрлігінің бастамасымен өткізілетін Ұлттық тау-кен – металлургия саласы бойынша «Алтын Гефест 2016» байқауына қатысуға шақырамыз. Сіздер Қазақстан металлургиясы мен тау –кен ісінің үздігі номинациясы үшін  оқытушылар мен соңғы курс студенттерін байқауға қатысуға  ұсына аласыздар.

Төмендегі марапаттаулар қарастырылған:

  • Ғалым-педагог (200 мың тенге көлемінде ақшалай сыйлық);
  • Жылдың дипломдық жұмысы (100 мың тенге көлемінде ақшалай сыйлық).

Сіздің мекемеңіздегі мамандар арасында  осы ақпараттың таралуына Сіздердің септіктеріңіз тиеді деген сенімдеміз. Мәселен, Хабарландыру тақтасы (модульдер осында:  https://files.iteca.kz/design/GoldenGefestus/).

Байқауға қатысуға тапсырыс берілген уақыттан бастап, қатысушыларға номинант  сертификаты беріледі. Тапсырыс үлгісі осында: https://amm.kz/ru/konkurs-zolotoj-gefest/zayavki-na-uchastie.

Байқауға қатысу тегін және қашықтан!

Байқауға қатысуға тапсырыс қабылдаудың соңғы мерзімі – 01 маусым 2016 жыл.

Марапаттау Астана қаласында 15 маусым күні өтетін «Rixos President Astana» Гала қабылдауында өткізіледі.

Толық ақпаратwww.amm.kz сайтында берілген.


2016-2017 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық

2016-2017 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде

оқу үшін студенттер арасында байқау өткізіледі.

Байқау бойынша таңдау 2 кезеңде өткізіледі.

  1. Үміткер 05.05.2016 жылға дейін деканатқа І кезеңге арналған құжаттарын тапсыру керек. Ашық байқау шеңберінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үміткерлерді таңдау мүмкіндік теңдігі, сіңірген еңбегі, қабілеті және қоғамдық белсенділігі қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Байқауға техникалық мамандықтар бойынша 1-ші және 2-ші курс студенттері және 1 курс магистранттары қатыса алады.

  1. 05.05.2016ж. дейін шетел тілі бойынша емтихан өткізіледі.
  2. 30.05.2016ж. байқау комиссиясының отырысы өткізіледі.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған Ережелерге сәйкес үміткерлерді таңдауға арналған негізгі шарттар:

1) шетел тілін білу деңгейі;

2) білім туралы құжаттағы орташа балл;

3) білімгердің академиялық кезең қортындысы бойынша ағымды үлгерімі;

4) академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу үшін үміткерлерге арналған жоғары оқу орнындағы бір академиялық кезеңнің қортындысы.

Байқау қортындысы бойынша үміткерлердің қандай ЖОО білім алатындығы  кейін анықталады.

 

 


БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде 21 сәуір күні бітіруші түлектер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған «АрселорМиттал Темітау», «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты», Теміртауэлектрометаллургия-лық комбинаты, «Саэм орталығы» және тағы да басқа ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыс берушілері мен жүздеген бітіруші түлектер қатысты.             Бұл жәрмеңкені өткізу ҚМИУ-де дәстүрге айналған. Жылына бір рет жұмыс берушілер жақсы жұмысқа орналасқысы келетін түлектермен кездесіп, түйіндемелерін қабылдайды, бос орындар жайлы әңігмелеседі. Бітірушілер «Сіздің ұйымыңыз мені жұмысқа қабылдайды ма?» деген сұраққа бірден жауап ала алмайды. Өйткені түйіндемелерді қарап, оған шешім шығару үшін фирмалар мен кәсіпорындарға уақыт керек. Дегенмен бос жұмыс орындарының барлығы көпшілікке оптимистік көзқарас қалыптастырады.            Мұндай іс-шаралардың кезінде факультет декандары мен кафедра меңгерушілері әр уақытта өз студенттерінің жанынан табылады. Жуырда жастар дипломдық жұмыстарын қорғап, еңбек жолдарын бастайды. Мұғалімдердің басты міндеті – түлектерге осы мәселелерді шешуге көмектесу. –     Біз дайындайтын «Материалдарды қысыммен өңдеу» мамандығы жайлы әңгіме болғанда, біздің жұмыс берушіміз «АрселорМиттал Теміртау» екендігін айтуымыз қажет.Оның цехтарында ҚМИУ студенттері өндірістік іс-тәжірибеден өтеді, – дейді «Металдарды қысыммен өңдеу” кафедрасының меңгерушісі Ольга Кривцова. – Біз «Құрылысмет» ЖШС және басқа да бірнеше ұйымдармен, кәсіпорындармен қызметтестік қарым-қатынастамыз. Олардың барлығы біздің университет дайындап шығаратын барлық мамандық түлектерін қуана қабылдайды. Осы жәрмеңкенің арқасында біздің түлектеріміздің  тоқсан пайызы жұмысқа орналаса алады. Ең көп түйіндеме қала құраушы кәсіпорынға түседі. Жастардың көпшілігінің металлургиялық комбинатқа жұмысқа орналасқысы келетіні ешкімге құпия емес.-     Біздің кәсіпорында «100- топ инженері» бағдарламасы жұмыс жасайды, ол техникалық, металлургиялық, тау-кен және экономикалық мамандықтар бойынша ЖОО түлектерін іріктеп, жұмысқа орналастырады – дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ңстуденттермен және оқу орын-дарымен жұмыс жасау бойынша менедженері Ольга Долженко. – Жұмысқа бір жылға орналастырылады, әрі қарай  түлек өзін жақсы жағынан көрсетіп жатса, еңбек келісімшарты ұзартылады. Бағдарлама жас мамандарды болашақта  қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде әр түрлі деңгейдегі жетекшілік дәрежесіне көтеруді мақсат етеді.

Біз ҚМИУ–мен тұрақты байланыс орнатқанбыз, бос орындар жәрмеңкесіне үнемі қатысамыз. «100-Топ инженері» бағдарламасына қатысушылардың басым көпшілігі осы университет түлектері.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауытының» өкілдеріне де студенттер тарапынан түскен түйіндеме аз емес. Онда қазір ҚМИУ-ң 5 түлегі зауыт ашылғаннан бері 2 жыл көлемінде жұмыс жасап келеді. Қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы Нұргүл Ақмурзинаның айтуынша, Теміртау студенттерінің дайындық және жеке тұлғалық сапалық деңгейі өте жоғары. ҚМИУ-ң студенттерді қалай дайындайтындығын көрген ақтөбеліктер Теміртауға қайта келіп, рельс-арқалық цехында және металтану зертханасында бос орын бар екендігін айтты. Бұл жолы олар өз кәсіпорындарына 10 түлекті жұмысқа орналастырмақшы.

Түйіндемені қабылдап, студенттер жұмыс берушілермен әңгімелес-кеннен соң, жұмыс берушілер мен ҚМИУ профессор-оқытушылары арасын-да дөңгелек үстел өткізілді. Пікір алмасу барысында студенттердің міндетті пәндерді меңгеруімен қатар, ағылшын тілін де меңгеруге көп көңіл бөлу керектігі, білімдерін үнемі жетілдіріп, коммуникативтік дағдыларын жетілдіру мақсатында түрлі тренингтерге тұрақты түрде қатысып отыру керектігі жайлы мәселелер айтылып өтті.

 


«Жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау және білім беру сапасын арттыру» тақырыбында халықаралық оқу-әдістемелік конференция

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдығын мерекелеуге байланысты 2016 жылғы 26-27 мамырында «Жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау және білім беру сапасын арттыру» тақырыбында халықаралық оқу-әдістемелік конференция өтеді.

Конференция материалдарының жинағын жариялау жоспарланып отыр. Конференцияға қатысу үшін 2016 жылдың 10-шы мамырына дейін dpomkkeu@mail.ru электрондық пошта арқылы жіберу қажет.

Конференцияға қатысу – тегін.

Жинаққа мақала жариялау – 2500 теңге.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ