Тау-кен ғылымдары Академиясының қолдауымен РҒА Вернадский ат. Мемлекеттік геологиялық мұражай базасында тау-кен – геологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша ЖОО аралық Академиялық навигация Орталығында 12 ақпанда өткен «Геолог – осындай мамандық бар» телекөпіріне ҚМИУ студенттері қатысты.
Білім беру-ағартушылық қызметі шеңберінде тау-кен-геологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша ЖОО аралық Академиялық навигация Орталығының қызметінің басым бағыттарының бірі – геология және табиғатты пайдалану саласында балалар мен жастарға білім берудің үздіксіз жүйесін дамыту үшін коммуникациялық алаң қалыптастыру жөніндегі Жобаны жүзеге асыру, экологиялық тұрғыда тәрбиелеу, тау-кен және мұнай-газ саласының мамандықтарына кәсіптік бағдар беру болып табылады. Осы бағытты іске асыру шеңберінде Орталық ең заманауи жабдықтармен жарақтандырылған өз кәсіби дыбыс жазу студия алаңдарында үнемі онлайн-дәрістер, шеберлік сабақтарын тұрақты түрде жүргізеді. Айта кету керек, телекөпір кезінде байланыс сапасы (бұл суретке және дыбысқа да қатысты) өте жақсы болды.
«Тау-кен – геологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша ЖОО аралық Академиялық навигация Орталық» басшысы, РҒА МГМ директор орынбасары, т.ғ.д., профессор Асе Титовқа және РҒА МГМ Президенті, тау-кен ғылым Академиясының президенті, РҒА академигы Юрий Малышевқа сөз берілді. Содан кейін геолог мамандығы туралы «Справедливая Россия» Саяси партиясының төрағасы, РФ ФК Мемлекеттік Думадағы «Справедливая Россия» фракциясының жетекшісі, РҒА МГМ Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Сергей Миронов сөз сөйледі.
Телекөпірдің қатысушылары жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ алдыңғы қатарлы шикізат компанияларының өкілдері болды. Телекөпірге Альметьевск, Архангельск, Белгород, Владивосток, Грозный, Екатеринбург, Иркутск, Казань, Кемерово, Магадан, Мәскеу, Новокузнецк, Новочеркасск, Норильск, Прокопьевск және Ростов-на-Дону қ. Ресей университеттері, сондай-ақ Саха Республикасының өкілдері қатысты. Қырғызстан өкілдері де байланыста болды.
Қатысушылар арасында Қазақстаннан, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттерінен басқа Байшев ат. Ақтөбе техникалық университетінің, Байқоңыров ат. Тау-кен металлургия институтының, Қ.И.Сәтбаев ат. ҚазҰПУ, ҚарМТУ, Қорқыт Ата ат. Қызылорда мемлекеттік университетінің, Назарбаев университетінің, Ұлттық тау-кен ғылымдары Академиясының өкілдері және басқа да көптеген өкілдер қатысты.
Кездесу сұрақтар мен жауаптар пікірталасы форматында өткізілді.
ҚМИУ баспасөз қызметі