“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Статья в газете Образованная страна

 

 

Смотреть в Pdf

20.03.2018, 19:36:33, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

СПОРТ ПЕН ЕҢБЕК ӘРҚАШАН ҚАТАР ЖҮРЕДІ!

Наурыз мерекесіне арналған ҚМИУ оқытушылары мен қызметкерлерінің Спартакиадасының қорытындысы шығарылды. ҚМИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледжінің командасы сөзсіз көшбасшы болды. Екінші орында – «Металлургия және машинажасау» факультетінің командасы, үшінші орынды сенімді түрде «Энергетика, көлік және жүйелерді басқару» факультеті және «Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту» департаментінің ойыншылары иеленді. 

Төрт күн бойы әр түрлі спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді, құмарлықпен және спорттық қуанышпен, жанкүйерлердің белсенді қолдауымен өткізілді. Университет оқытушылары мен қызметкерлері олар тек жұмыс барысында ғана емес, спорт жарыстарында да  жақсы және нәтижелер көрсететіндерін тағы бір рет дәлелдеді. Бекер айтпайды: спорт пен еңбек қатар жүреді. Дәл осы екі құрамдас барлық бағыттар бойынша жемісті жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚМИУ оқытушылары мен қызметкерлері 13-20 наурыз аралығында командаларға бірігіп жарысты. Университеттің спорт кешені бұл күндері сағат 16.00-ден бастап, жұмыс күні аяқталарда, бірақ ең қызықтысы енді ғана басталарда олар үшін есігін ашты.

Волейболдан ойындар үш партия кезеңінде 15 ұпайға дейін өткізілді. Командалар алты адамнан құралған, әрқайсысы аралас құрамға жол берді. Жарыс нәтижесінде, бірінші орынды МжМЖФ иеленді, екінші орында ЭКжЖБФ командасы, ал  үшінші орында ИПжДД.

Жеке-командалық жарыстар үстел теннисі бойынша өтті. Ойын үш партиядан тұрды және 11 ұпайға дейін жетті. Осы жарыстардың қорытындысы: бірінші орындарды –Омаров Нұрлан мен Бабашайкова Айнагүл, екінші орынды – Ошан Аманжол және Қариполла Алқагүл, үшінші орынды – Базаров Бауыржан және Чепелян Лариса иеленді.

Шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ ойындары бір партиядан тұрды және қатардан шыққанша олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Дойбыдан бірінші орынды – Аманжол Ізтілеу және Исабекова Гүлнар иеленді. Екінші орында Ахметов Жетпісбес пен Серғазықызы Анар, ал үшінші орында Байсейіт Марат және Жолтай Салтанат иеленді.

Шахматта Аманжол Ізтілеуге тең келер ешкім болмады. Екінші орын –Ахметов Жетпісбесте, үшінші орын – Джаналин Серікте.

Тоғыз құмалақ бойынша көшбасшы – Кәріполла Алқагүл. Екінші орында – Уктаева Ләззат, үшінші орында – Бекеева Әсел.

Дартс бойынша жеке-командалық жарыстар өтті. Жеңімпаздар 10 ұпайдан жиналған баллдардың ең көп мөлшеріне қарай анықталды – олар Қалдыбаев Еркебұлан мен Тұргымбаева Гүлнар. Екінші орынды Базаров Бауыржан мен Гүлмира Қалышева сенімді иеленді. Үшінші орын – Утебаев Нұрлыбек пен Жұмабекова Ғалияда.

Асық ойынында команда бес адамнан құралды. Жеңімпаз көп ұрылған асық саны бойынша анықталды. Нәтижесінде бірінші орын – Жолтай Салтанатта. Екінші орында – Туғанбеков Болат, үшінші орында – Байсейіт Марат.

Кіші-футболдан матч 15 минутты екі бөліктен тұрды. Команда құрамасы – 5 адам, ауыстыру шектеусіз. Бұл жарыста көшбасшы ИПжДД командасы болды.

Ең қызықты және көңілді спорттық іс-шаралардың бірі – спорттық-ойын-сауық эстафетасы. Әрбір команда төрт әйелден және осындай санда ерлерден тұрды. Жеңімпаз кезеңдегі орындардың аздығымен анықталды. Ережелерді бұзғаны үшін 2 айыппұл секунд қосылды. Қорытынды: 1 орын ТЭК. Екінші орында – ЭКжЖБФ, үшінші орында – МжМЖФ.

Кір көтеруден өз салмақ дәрежелерінде жүлделі бірінші орынды иеленгендер: Лехтмец Владимир (85 кг жоғары), Балғабаев Мақсат (85 кг дейін), Әкішев Талғат (78 кг дейін), Қалдыбаев Еркебұлан (70 кг дейін) және Нұрмаханов Нұрхан (63 кг дейін).

Арқан тартуда көшбасшы команда ИПжДД командасы жетекші орын иеленді. Екінші орын –  ТЭК, үшінші – ЭКжЖБФ.

Спартакиада ұйымдастырушысы – ҚМИУ ректораты. Аталған жарыстың бас төрешісі Колесникова Р.К.,бас хатшы – Трус А.Б.сөз сөйледі.

20 наурыз ҚМИУ ректоры Жәутіков Б.А. салтанатты жағдайда, әріптестерінің қошеметімен жеңімпаз командаларға грамоталар мен сыйлықтар табыстады. Естелік сыйлықтарымен және мақтау қағаздарымен жеке біріншілік жеңімпаздары мен жарыстардың белсенді қатысушылары (үш және одан да көп түрлері) марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

20.03.2018, 19:25:58, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құттықтау сөзі

20.03.2018, 15:28:17, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ЕҰУ-де «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім беру экожүйесі» Халықаралық білім беру консорциумын құру туралы келісімге қол қойылды

2018 жылғы 19 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы Келісім шеңберінде жүзеге асырылатын «Өндіріс секторының консорциумы» гранттық бағдарламасының жеңімпаздарының бірі болып табылатын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім беру экожүйесі» Халықаралық білім беру консорциумын құру туралы келісімге қол қойылды.

 

Консорциум құрамындағы ғылыми ұйымға мүше ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университеті, Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті, Sharda университеті (Үндістан) және Қарағанды ​​мемлекеттік индустриялық университеті кіреді.

 

Сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы», «Гранит» арнайы конструкторлық және технологиялық бюросы» ЖШС-і, «СОТСБИ» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШҚ, «Microsoft Kazakhstan» ЖШС-і, «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Cisсо» кәсіпорындары да консорциум мүшелері болып табылады.

Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында жоғары білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығына ерекше тоқталғанын атай келіп: – Консорциумның қызметі ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологияларды, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми-технологиялық дамытуға бағытталады,-деді. Сонымен қатар -Консорциумның ұзақ мерзімді стратегиясы Қазақстандағы барлық білім беру ұйымдарын (мектептерді, колледждер мен университеттерді) осы экожүйеге біртіндеп тарту және өндірістік кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады,-деді Ерлан Бәтташұлы.

Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры Әсемгүл Молдажанова жиынға қатысушыларды құттықтай келіп, Консорциумның мақсат-міндеттеріне тоқталды. Айтса айтқандай, Консорциумның қызметі елдің дамуына жаңа технологиялар алу, өндіруші сектордағы, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердегі кәсіпорындар арасындағы жүйелі серіктестікті құру және нығайту; инновациялық ұсыныстар мен оларға сұранысты ынталандыру; ұлттық маңызы бар салаларда жаңа технологияларды дамыту үшін ұжымдық күш-жігерді жылжыту болып табылады.

 

Сондай-ақ жиында Еуразия ұлттық университеті заң бөлімінің басшысы Асылан Әбілов консорциум жобасы туралы арнайы баяндама жасады.

Ғалымдардың болжамдарына сәйкес, төртінші индустриалдық революциясы өте жылдам түрде жүзеге асады. Консорциумға қатысушы тұлғалардың айтуынша, еңбек нарығында инженерлер мен ІТ мамандары сұранысқа ие болады.

Сондай-ақ бірлескен шара барысында жоғары білікті кадрларды даярлау үшін жағдайлар жасау, ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, жоба бойынша ғылыми жарияланымдар секілді бірқатар мәселелер күн тәртібіне шығарылды.

Орайы келгенде айта кеткен жөн, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім берудің экожүйесі» консорциумы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының меңгерушісі Шахмаран Сейіловтың жобасы негізінде құрылып отыр.

Шахмаран Сейілов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған конкурста «Өндіріс секторындағы консорциумдар» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантты жеңіп алып, ғылыми жобаны іске асыру мүмкіндігіне ие болды.

Аталмыш жоба «Ақпарат, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» мамандығы бойынша оқытатын мектептер мен колледждер және ЖОО арналған, сонымен бірге білім беру ресурстарының экожүйесін дамытуға бағытталған.

 

Жобаны іске асыру шеңберінде Астана, Алматы, Көкшетау және Қарағанды ​​қалаларында 4 кластер құру жоспарлануда, олардың әрқайсысы 1 университет, 2 колледж және 5 мектептен тұрады. Бұл білім беру ұйымдары арнайы әзірленген тренажерлармен, компьютерлермен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталады, олар АКТ-ның біліктілігін қалыптастырады, оқытушылар мен мұғалімдер тиісті түрде оқытылады. Биылғы жылдың сәуір айына дейін ілкімді тірліктер нақтыланып, жоба жыл ішінде өз жемісін беретін болады.

Жиын қорытындысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарапынан бірінші проректор Әсемгүл Молдажанова, «СОТСБИ» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШҚ атынан бас директор Вадим Гойхман, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінен ректор Бақыт Жәутіков қол қойды.

Баспасөз қызметі

Ссылка

 

 

19.03.2018, 20:55:32, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

газета Казахстанская правда