Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → Жыл сайынғы Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізуге арналған БАҒДАРЛАМА
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Қарағанды мемлекеттік индустриалық университеті – 5В070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша «Металлургиялық процестер теориясы», «Металлургиялық процестер технологиясы» пәндері; – 5В073800 – «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясына кіріспе» пәндері бойынша жыл сайынғы Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізуге арналған БАҒДАРЛАМА Өткізілетін күні: 2018 жыл 13 сәуір
ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ!
2018 жылдың 12-13 сәуір күндері Қарағанды индустриялық университеті «Жастардың Төртінші өнеркәсіптік революция әлемдегі ғылыми шығармашылығы» XLVIII ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Пленарлық отырыс (бейне-конференция) 2018 жылы 12 сәуір күні 10.00 – 11.30 сағат аралығында I-313 дәрісханада өткізіледі; Секциялар бойынша жұмыс 12 сәуір 11.45 – 13.00 және 14.00 – 16.00 сағат аралығында өткізіледі; Конференцияның жабылуы 12 сәуір сағат 17.00, I-313 дәрісханада өткізіледі. СЕКЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖҰМЫС:
Құрметті бітіруші түлектер!Құрметті бітіруші түлектер! Сіздерді Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті 2018 жылдың 20 сәуірінде сағат 10:00 да болатын «Түлектер жәрмеңкесі – 2018» жәрмеңкесіне қатысуға шақырады (ҚМИУ, жаңа ғимарат, акт залы). Лайықты марапат!Халықаралық гуманитарлы педагогикалық қозғалыс тарихында бірінші рет «Рух қаһарманы» атағы бекітілді. Осы атақ әлемде бірінші рет «Бөбек» республикалық балалар қайрымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы ЖТОО (қазіргі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті) түлегі Сара Алпысқызы Назарбаеваға берілді. Баку қаласында өткен Халықаралық педагогикалық оқулардың мыңдаған қатысушылары Халықаралық қоғамдық жюридің бұл шешіміне қошемет көрсетті. Қазіргі таңда Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерінің атағы елімізден тыс шетелдерде танымал және әлемдік қоғам оның қайрымдылық еңбектеріне дұрыс баға берді. Сара Алпысқызы Назарбаеваны біздің елімізде ғана емес сонымен барлық әлемде гуманитарлық, қайрымдылық және мейрімділік құндылықтарын насихаттауға өз үлесін қосқан әлемдік кеңауқымды шеңбердегі рухани көшбасшы және қоғам қайраткері ретінде таниды. Сара Алпысқызы адамгершілікті педагогикалық идеяларды насихаттауға қосқан үлесі зор. Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» деп аталатын ерекше адамгершілікті-рухани құндылықтарды жаңғыртуға арналған білімдік жобаның авторы. Осы жобаның негізгі мақсаты – жалпыадамдық құндылықтарды жаңғырту, балаларды қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруге үйрету. Ол жаңа қайрымдылық жобасын жүзеге асыруда. Жоба мақсаты – балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне жоғары білім алуға және өзінің елінің толық қанды азаматы болуға, елінің мүддесіне қызмет етуге жағдай жасау. Сара Алпысқызы басшылық жасайтын «Бөбек» қорының ұйымдастыруымен жүздеген және мыңдаған қайрымдылық акциялары жүзеге асырылды, ата-анасыз қалған балалар және мүгедектерге, жалғызбасты аналарға жүйелі түрде көмек көрсетілді.
|