ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
Білім беру бағдарламалары
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ: 6В041 БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ |
6B04103 Бизнес экономикасы |
6B6B04101 Кәсіпкерлік саласындағы менеджмент |
6B04104 Қаржы ұйымының экономикасы |
6B04106 Кәсіпкерліктегі есеп және аудит |
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ: 6В071 ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ІС |
6B07106 Автоматтандыру жүйесінің инженериясы |
МАГИСТРАТУРА |
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ: 7M041 БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ |
7M04103 Экономика (2) |
7M04104 Экономика (1,5) |
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ: 7M071 ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ІС |
7M07110 Автоматтандыру және басқару |
7M07111 Автоматтандыру жыне басқару 1,5 |
БАКАЛАВР |
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ: 6В061 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР |
6B06101 Бағдарламалық инженерия |
6B06102 Жасанды интелект технологиясы |
Оқушыларды тәрбиелеу формалары
Мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі студенттер күндізгі бөлімде оқиды. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде қашықтықтан оқыту технологиялары қолданылуы мүмкін.
Қашықтықтан білім беру технологиялары мен электрондық оқытуды қолдану аумақтық орналасқан жеріне қарамастан оқуға мүмкіндік береді. Білім беру үдерісін құру студенттің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескереді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту әдістерін таңдау оқытудың мазмұнымен, педагогикалық ұжымның кәсіби дайындық деңгейімен, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен, мүмкіндігі шектеулі студенттердің оқу ақпаратын қабылдау ерекшеліктерімен анықталады.
Білім беруде кітапханалық-ақпараттық қолдау:
Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана http://www.rmeb.kz
Сайт «Scopus»
Сайт «Web of Science»
Білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету шарттары
Мүгедектігі бар және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі, мүгедектік тобына байланысты шарттық негізде оқитын студенттерге университеттің білім беру гранты туралы Ережеге, университет стипендиясына және «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-да оқуға жеңілдіктерге сәйкес ғылыми кеңестің шешімімен оқуға 10-нан 30% – ға дейін жеңілдік беріледі.
Білім беру бағдарламаларын бейімдеу келесі түрде жүзеге асырылады:
- Оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, оқытудың жеке кестесін жасау. Мұндай студенттердің оқу мерзімі қажет болған жағдайда жеке оқу жоспары бойынша ұзартылуы мүмкін.
- Өз бетінше оқу үшін онлайн курстар мен электрондық білім беру ресурстарын пайдалану.
- Білім алушылардың білім беру порталының ресурстарына КарИУ сайты және “Платонус” ААЖ және MOODL ақпараттық жүйелеріндегі жеке кабинеттер арқылы қашықтықтан қол жеткізуін пайдалану.
- онлайн және оффлайн режимдерде оқытушылардың кеңес беруі арқылы білім алушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету