“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қазақстан-Түркі әлемінің алтын бесігі

[Дата публикации: 01.11.2019, 12:43:24, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылы 30 қазанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде  «Құрылыс»  кафедрасының оқытушысы А. К. Қасенова ПГС-19к, ПГС-19ск топтарының студенттерінің белсенді қатысуымен «Қазақстан – Түркі әлемінің алтын бесігі» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты-студент жастардың бойында қазақстандық патриотизм мен өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері: қазақ халқының мәдениетіне, тарихи өткені мен мұрасына деген сүйіспеншілікке, құрмет пен қызығушылыққа тәрбиелеу; оқушылардың ішкі дүниесін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту болды.

Түркі әлемін зерттеу – қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы ең қызықты тақырыптардың бірі . Түркі әлемі, тұтас бір кезеңді құлдырауда өткізіп, қазір көтерілу үстінде. Қазақ және Еуразияның басқа да халықтарының тарихы үшін Алтай үлкен маңызға ие екендігін ұмытпаған жөн. Бұл ұлы таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерін безендіріп қана қоймай, түркілердің бесігі болды. Дәл осы жерде  б.з. І мыңжылдықтың ортасында Түркі әлемі пайда болды және Ұлы дала өмірінде жаңа кезең басталды. Көптеген ғасырлар бойы олар ортағасырлық Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени ландшафтындағы Елеулі іздерін қалдырып, бір-бірін алмастырды. Кең географиялық шекарадағы кеңістікті игере отырып, түркілер көшпелі және отырықшы өркениеттердің симбиозын жасай алды,бұл өнер, ғылым және әлемдік сауда орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне алып келді.

Кураторлық сағатты өткізу барысында «Түркі әлемінің алтын бесігі» атты презентация материалдары көрсетіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы бейнеролик көрсетілді.

Іс-шараның қорытындысын шығару барысында қатысушылар өз тарихын есте сақтау, бағалау және мақтан ету керектігін атап өтті.

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 783
01.11.2019, 12:43:24, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар