“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Д. К. Жаңабергенова Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Көптілділік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумына белсенді қатысты.

[Дата публикации: 31.10.2019, 16:58:13, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылы 31 қазанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Жанабергенова Динара Кеңесқызы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми – сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Көптілділік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғалымдар форумына қатысты (Нұр-Сұлатн қ.).

Халықаралық форум аясында қазақстандық және шетелдік сарапшылар, ғалымдар мен ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері арасында Әралуандықтағы бірлік, Қазақстанда және жалпы Орталық Азия өңірінде қоғамдық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

  • Халықаралық форумның жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
  • көпэтносты қоғамдағы диалог және тиімді коммуникациялар;
  • көпэтносты қоғамдағы жастардың рөлі;

қазіргі заманғы этнодемографиялық процестер: перспективалар мен сын-қатерлер.

Панельдік пікірталасқа қатысушылар бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуде қоғамның аймақтық диалогының өзекті мәселелерін, Қазақстанның этникалық топтарының тарихи шығу тегі елдерімен диалогтағы рөлін, Қазақстандағы көші-қон процестерін, ҚР-дағы туу мен өлім-жітім үрдістерін, Қазақстандағы жаһандану мен этнодемографиялық трендтерді талқылады, сондай-ақ халыққа сауалнама жүргізу нәтижелері: қазақстандық қоғамдағы ынтымақтастық сезімі, ауылдық мектептерде білім беру сапасы мәселелері көтерілді.

Осыған байланысты аймақ елдерінің әріптестерімен бірге кешенді зерттеулер, полиэтникалық және поликонфессионалды қоғам жағдайында этникалық алуан түрлілікке, этнодемографиялық процестерге жаһандық трендтердің әсер ету мәселелеріне қатысты зерттеулер ерекше маңызға ие болады. Пікірталасқа қатысушылар қазіргі заманғы қоғамның жаңа өркениеттік сын-қатерлері цифрландырудың өсуімен және мәдени шекаралардың шайылуымен өзектіленетінін атап өтті.

Халықаралық форумға қатысушылар келесіні атап өтті:

  • қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін ескере отырып, этносаралық диалог құру және азаматтық бірегейлікті нығайту арқылы қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуды жалғастыру қажет;
  • аймақ елдерінің зерттеушілерімен бірлесе отырып, еңбек және білім көші-қонының өсуіне, әсіресе жастар арасында және қабылдаушы қоғамдардағы мигранттардың бейімделуі мен ықпалдасуы сияқты проблемалардың өзектілігіне байланысты этнодемографиялық процестерді зерттеу маңызды;
  • жалпыұлттық келісімді сақтау үшін өңір елдерінің ғалымдары мен ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері арасындағы ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты мемлекеттік-азаматтық, өңірлік және этникалық бірегейлікті қалыптастыру сияқты мәселелерді зерделеуде күшейту қажет.;
  • қазіргі заманғы сын-қатерлер мен трендтерді ескере отырып, этносаралық қақтығыстарды шешудегі жаңа ғылыми негізделген тәсілдерді іздестіру жөніндегі ғылыми-сараптамалық кеңестің жұмысын жандандыру қажет;
  • әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісімді нығайтудағы қоғамның рөлін жандандыру үшін ғылыми-сараптамалық қоғамдастыққа қазіргі заманғы саяси процестерді талдау және Әралуандықтағы бірлікті одан әрі нығайту үшін ұсынымдар ұсыну қажет.;
  • жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін іздеу керек, өйткені жаңа сын-қатерлер жаңа ұрпақтың құндылықтары мен көзқарастарындағы өзгерістердің қозғаушы күші бола алады.

Форумға қатысушылар бірлік пен әралуандық мәселелерімен байланысты мәселелер спектрін талқылау бойынша осындай сараптамалық алаңдардың өзектілігі мен уақтылылығын бірауыздан мойындады. Бұл үдерісте Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі жұмысының маңыздылығы атап өтіледі.

ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі білімнің түрлі салаларындағы мамандардың күш-жігерін біріктіре отырып, этносаралық қатынастардың даму мен өзгеруінің маңызды үрдістерін талқылау бойынша алаңдар құрады. Ғылыми-сараптамалық кеңес тақырыбының нақтылығы мен өзектілігін назарға ала отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының зерттеу жобаларын қолдауға және дамытуға дайын екенімізді білдіреміз.

Барлық қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясына ғылыми пікірталасқа қолайлы жағдай жасап, ұйымдастырғаны үшін ерекше ризашылықтарын білдірді.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.


Просмотров: 532
31.10.2019, 16:58:13, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар