“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-де «Ұлы Даланың жеті қыры» кураторлық сағаты өтті

[Дата публикации: 31.10.2019, 16:47:36, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылы 30 қазанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Қ-16, Қ-17с, Қ-18с топтарының студенттерінің қатысуымен «Құрылыс» кафедрасының оқытушылары Мезенцева Анастасия Владимировна мен Сучилова Татьяна Петровна Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мақаласы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» атты тақырыпта кураторлық сағат ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласының негізгі жобаларын терең зерделеу, қазақстандық патриотизмді және Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, тарихи тамырларға құрмет көрсету болды.

Іс-шара барысында студенттер Колелер Мария, Томилова Полина және Аладышева Наталья баяндама жасап, өздерінің презентациялық жұмыстарын ұсынды.

Колебер Мария Қазақстан тарихын заманауи ғылым биіктігінен түсіну туралы баяндама жасады.

Томилова Полина әлемнің барлық бөліктерінде әлі күнге дейін қолданылатын өнертабыстардың негізін қалаушы болған көптеген техникалық жаңалықтарды әлемге ашқан дала тұрғындары туралы айтып берді.

Аладышева Наталья Біздің дүниетанымымыздың, өткен, қазіргі және болашақ халқымыздың іргелі негіздерінің мәселелерін жария етті.

Іс-шараны өткізу барысында көрермендер осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Қорытынды жасай отырып, «Ұлы болашақ өз тарихын есте сақтайтын, бағалайтын, мақтан ететін халықты күтіп тұр. Өткенге деген мақтаныш, бүгінгі күннің прагматикалық бағасы және болашаққа оң көзқарас-біздің еліміздің жетістігінің кепілі» екені атап өтілді.

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі.

 

 


Просмотров: 539
31.10.2019, 16:47:36, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар