“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттері BI-Group экскурссияна қатысты

[Дата публикации: 01.03.2019, 09:00:34, жариялауды: Әкімшілік]

 

2019 жылдың 23 ақпанында «Құрылыс» кафедрасының ҚМИУ студенттері BI–Group компаниясының LEED халықаралық сертификаттау стандарттарына сәйкес салынған «Жасыл квартал» объектісіне барды. Бұл сапарды кафедра оқытушылары Мун И.А., Калданова Б.О., Курышбекова Э.С. және BI–Group қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Университет бұл бастаманы қолдап, жас мамандардың жастарды дамытуға деген ұмтылысын атап өтті.  Дәрістер Астана қ. Green Tower БО өтті, онда BI–Group мамандары жас инженерлер үшін мүмкіндіктер туралы айтып, жеке тәжірибесімен бөлісті және неғұрлым үнемді және жылдам құрылысты қамтамасыз ететін құрылыста соңғы еңгізілген технологияларды көрсетті.

Ең есте қаларлық панельдік сессия болды, үлкен жобалар учаскелерінің бастықтарымен еркін жағдайда өтті, олар өз кезегінде құрылыс саласындағы өз өмірінен фактілер мен мысалдармен бөлісті. Кофе брейк үзілістен кейін студенттер мәселені шешуде стандартты емес тәсілге қажетті «design thinking» құралын үйренді.

«BeInTech – инновациялық (зияткерлік) бол және технологияларда бол!» BI–Group жұмысын сипаттайтын сөздер. Экскурссия соңында студенттер құрылыс бойынша жаңа технология бойынша алған білімдерінен жағымды эмоцияларға толы болды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 851
01.03.2019, 09:00:34, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар