Терроризм қоғамға төнген жаһандық қатер ретінде
[Дата публикации: 19.10.2018, 12:30:24, жариялауды: Әкімшілік]
Рухани келісім күніне арналған іс-шаралар аясында, 18 қазан 2018 ж. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінде біздің қаламыздың оқу орындарының студенттері үшін «Терроризм – қоғамға төнген жаһандық қатер ретінде» тақырыбында конференция өткізілді. Аталған іс-шара ҚМИУ-мен «Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Конфессияаралық қарым-қатынас проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ бірлесе өткізілді.
Осы конференцияны өткізу мақсаты:
- терроризм құбылысын зерттеу бойынша білім алушылардың ғылыми қызметін қолдауға;
- терроризм проблемасына, оның себептеріне, мақсаттарына, оның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға, оның жойылу мүмкіндігіне немесе онымен күресудің тиімді әдістеріне ену әрекетіне;
- жастарды құқықтық антитеррористік оқу-ағартуға бағытталды.
Конференция жұмысының басында барлық қатысушылар Керчен политехникалық колледжіндегі жарылыс салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Студенттер зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша презентацияларымен және баяндамаларымен сөз сөйледі, қойылған сұрақтарға лайықты жауап бере алатын және өз жұмысына талассыз дәлел келтіретін адамдар ретінде өздерін көрсетті.
Конференция соңында қазылар алқасы барлық қатысушыларды грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 782