“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚИУ – ҚЫЛМЫССЫЗ АУМАҚ

[Дата публикации: 05.10.2018, 17:22:07, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

Университеттің 2018-2019 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2018 жылы 5 қазан күні Теміртау қ. Ішкі істер басқарма-сының қызметкерлерімен ҚИУ 1-3 курс студенттерінің кездесуі ұйымдас-тырылды.

Теміртау қ. Шығыс бөлімінің кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Сұлтан Өрістанбекұлы Мұханалиев және Теміртау қ. Ішкі істер басқармасының қызметкері Ержан Айтмұхамбетұлы Тастубаев біздің сту-денттер үшін «Қылмыстың алдын алу және жастар арасындағы құқық бұзу-шылық» тақырыбына арналған ашық дәріс оқыды.

Іс-шара мақсаты: кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құ-қық бұзушылықтардың алдын алу, қоғам өмірін реттеуге арналған білімді қа-лыптастыру, жастар арасындағы құқықтық тәрбилеу.

Студенттер Қазақстан Рекспубликасының Әкімшілік және Қылмыстық Кодексінің негіздерімен танысты. Білім алушыларға қай жастан бастап қыл-мыстық жазалау және қандай қылмыстар үшін қолданылатындығы түсіндірі-леді. Сонымен бірге жасөспірімдер арасында қылмыстың қалыптасу тәуелді-лігін азайту мақсатында дәрісте жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйелері бойынша ішкі істер органдарының жүзеге асыратын әдістері де қарастырылды.

Іс-шараға қатысушылар «Сұрақ-жауап» пікір алмасу алаңының жұмысы-на белсене қатысты: сұрақ қойып, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға талдау жасады.

Студенттерге қылмыс құрбаны болмау мүмкіндіктері, қалай қылмыс жа-сауға бармау керектігі туралы кеңес және ұсыныстар берілді.

Студенттер алдында Теміртау қ. Жастардың ресурстық орталығының ди-ректоры Алена Хегай осы ұйымның қызметіне арналған тұсаукесер шарасын ұсынды. Ол қаладағы жастар ұйымдары туралы айтты, университеттің сту-денттері қатысуға болатын жастар бағдарламалары, жобалары туралы толық ақпарат берді.

Қылмыстың алдын-алуға арналған іс-шара өте қызықты өтті. Кездесу ба-рысында тек ғана адам және азаматтың құқығын, бостандығын қорғау жөнін-дегі құқық қорғау органдарының рөлі ғана емес, сонымен бірге оның міндет-тері де қарастырылды.

ҚИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 853
05.10.2018, 17:22:07, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар