ҚИУ-ДА ІІБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
[Дата публикации: 27.09.2018, 18:12:44, жариялауды: Әкімшілік]
27 қыркүйек 2018 ж. ҚИУ-да Теміртау қаласының ішкі істер Басқармасы қызметкерлерінің бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – жастар ортасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу.
Алдын алу кездесуі кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне арналды.
Теміртау қ. ІІБ ЖПҚ инспекторы Рахматулина Жания Төлеубекқызы жастар ортасындағы ең көп таралған құқық бұзушылықтар туралы және заң бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері туралы толығырақ айтып берді, қиын өмір жағдайында өзін қалай ұстау және қайда жүгіну керектігін түсіндірді.
ТІжЖСД директоры Салпенова Мадина Мейрамқызы студенттерді ішкі тәртіп ережелері, тәртіп, жатақханадағы күн тәртібі және академиялық адалдық кодексі бұзылуына жол бермеу туралы хабардар етті.
Студенттер арасында құқық бұзушылықты болдырмауға бағытталған осындай алдын алу іс-шараларын өткізудің өзектілігі – бұл ҚИУ-да өткізілетін тәрбие жұмысының басты міндеті.
Қарағанды индустриялық университетінің 2018 – 2019 оқу жылына арналған тәрбие жұмысын жүргізу жоспарына сәйкес осындай кездесулер семестрде 2 рет тұрақты негізде өткізілетін болады.
Іс-шараға қатысқандардың саны – 200 адамды құрады.
Просмотров: 971