“В целом перед казахстанским образованием и наукой стоит масштабная, неотложная задача – не просто поспевать за новыми веяниями, а быть на шаг впереди, генерировать тренды.”


К. К. Токаев

Блог ректора

Карагандинский индустриальный университет — ведущий вуз Казахстана по подготовке высококвалифицированных кадров для го...

Подробнее »

Новости

Архив

Конференции

Архив

Металлургтер мекенінде – салтанат

[Дата публикации: 22.12.2017, 14:55:46, опубликовал: Әкімшілік]

 

Ұлттық ұлық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында аймағымыздың өңірлері азаттықтың 26-жылында жеткен жетістіктерін және бір паш етті. Мұндай үрдістен металлургтер мекені – Теміртау да қалыс қалған жоқ. Бейсенбі күні Тәуелсіздік күніне арналған салтанатта шаһардың биылғы дамуы баяндалып, оның экономикасына үлес қосып жүрген  азаматтары марапатталды. Арасында орден иегерлері,  саланың үздіктері де бар. Қала әкімінің Құрмет грамотасы да өз иегерлерін тапты.

2017-12-22_15-40-24

Теміртау – Елбасыға қолдау көрсетуден дәйім танған емес. Мемлекет басшысының бағдарламалық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттерді  іске асыруға металлургтер де үн қосқан. Биылғы жыл айтулы оқиғаларға толы болғаны және аян. Соған орай, қалада  экономикалық, әлеуметтік салада  тың жобалар іске асыпты. Еліміздің бүгінде бағыт-бағдары – айқын. Сондықтан, кәсіпкерлер мен қаланың басшылары Президент бастамаларына, атап айтқанда «Туған жер» жобасына ат салысқанын атайды қала әкімі Ғалым Әшімов. Мәселен, қала кәсіпкерлері Теміртаудағы аулалық клубтар қалпына келтірілген. Бұл  демеушіліктер  қайырымдылық негізде болса керек. Шаһардың  өркендеуінен шет қалмаған осынау кәсіпкерлердің есімі осы салатанатта арнайы аталып, құрмет көрсетілді.

Ғалым Әшімов мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының кәсіпкерлер арасында сұранысты иленеген бірегей бағдарлама екенін атап өтті. Бағдарлама аясында 14 жоба жүзеге асуда. Бұл жобалардың жалпы сомасы – 1 млрд.792 млн.теңге шамасында екен.

Ғалым ӘШІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

– Тәуелсіздіктің 26-шы жылына Теміртау қаласы да толайым табыстармен жетті. Биылғы жылы қала бюджетінің көлемінің өсімі айтарлықтай артты. Мысалы, 2016 жылы шығыны бойынша, қала бюджеті 7 млрд.900 млн.теңге болса, биыл 12 млрд.700 млн.теңгеге жетпек, немесе бір жарым есеге артық. Әлеуметтік салаға тиісті қаржы үш есе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта екі, жол құрылысында және оны ұстауда қаражат бес есеге көбейген.

Білім саласына  қала бюджетінің 55 пайызы жұмсалса, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт саласына бюджеттің 13,4 пайызы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолға 20 пайыздан астамы жұмсалған. Осының нәтижесінде аулалық клубтар, балалар алаңдары, жолдар, мектептер мен балабақшалар жөндеу көрген.

Қаланың даму барысына тоқталған әкім мереке қарсаңында бірқатар теміртаулықтарды марапаттады. Атап айтқанда, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені Теміртау қалалық кәсіпкерлік және қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Наталья Поповаға, «Казмеханомонтаж» ЖШС директорының орынбасары Күлжанов Айдарға, «Водоканалстрой.кз» ЖШС директоры Евдокия Нозаренкоға, «Практика Т» ЖШС жұмысшысы Геннадий Киселевке табысталды.

Теміртау қалалық кәсіпкерлік және қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының құрамында 70 кәсіпорын бар көрінеді. Бұл ұйым сондағы барлық еңбеккерлердің құқын қорғайды екен. Құрылғанына 14 жыл болған кәсіподақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен тізе қоса еңбек ететіндердің жақтаушысы.

Наталья ПОПОВА,  ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені Теміртау қалалық кәсіпкерлік және қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының төрағасы:

– Бұл марапат – менің еңбегімнің жоғары бағасы деп білемін. Бүгін көптеген қалалықтар марапатқа ие болды. Әсіресе, Теміртау қалалық кәсіпкерлік және қызмет көрсету кәсіподағының мүшесі болып табылатын мердігер ұйымдардың иеленгеніне қуаныштымын. Олар бұл марапатқа лайық.

Қазақстан Республикасы Энегретика министрі 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №790 бұйрығы «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті ректоры Бақыт Жәутіков марапатталды.  «Еңбек ардагері» белгісіне №2 «Казмеханомонтаж» ЖШС, бөлім басшысы еңбек ардагері Людмила Варварина лайық деп танылыпты. «Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкері» атағы білім саласының ардагері Валентина Кузьминаға берілді.  Сонымен бірге, қаланың әлеуметтік-экономикалық өркен жаюы жолында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға қала әкімінің Құрмет грамотасы тапсырылды.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Теміртау қаласы.

Cмотреть статью


Просмотров: 380
22.12.2017, 14:55:46, Әкімшілік Рубрики: Новости