«Тіл – халықтың жаны»
[Дата публикации: 05.10.2016, 16:34:10, опубликовал: Әкімшілік]
Қазақстан халықтарының Тілдер Күнін мерекелеу шеңберінде, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Тіл – халықтың жаны» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бірінші курс студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білетін өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
«Қазақ тілінде Үздік мәнерлеп оқушы» номинациясы бойынша бірінші орынды МҚӨТ-16қ тобының студенті Қуаныш Өмірзак, екінші және үшінші орынды М-16қ тобының студенті Өміржол Рахымжан және АжБ-16қ тобының студенті Нұрлыбек Шукурулла иеленді.
«Орыс тілінде Үздік мәнерлеп оқушы» номинациясы бойынша бірінші орынды ЕТжБҚ-16қ тобының студенті Умида Ирискулова, екінші орынды ТМЖ-16қ тобының студенті Өмірхан Тоғызбаев, үшінші орынды МЖ-16қ тобының студенті Шерзод Абубокиров жеңіп алды.
«Ағылшын тілінде Үздік мәнерлеп оқушы» номинациясы бойынша бірінші орынды АжБ-16 тобының студенті Аминат Осмаева, екінші орынды МЖ-16қ тобының студенті Ерғали Рахматулла, үшінші орынды ТМЖ-16қ тобының студенті Диана Нурбаева және Қ-16қ тобының студенті Айғали Кенжеғали жеңіп алды.
Просмотров: 512