“В целом перед казахстанским образованием и наукой стоит масштабная, неотложная задача – не просто поспевать за новыми веяниями, а быть на шаг впереди, генерировать тренды.”


К. К. Токаев

Блог ректора

Карагандинский индустриальный университет — ведущий вуз Казахстана по подготовке высококвалифицированных кадров для го...

Подробнее »

Новости

Архив

Конференции

Архив

«Педагогикалық ғылымдар және медициналық білім беру» атты тақырыпта халықаралық симпозиум

[Дата публикации: 29.01.2015, 10:26:51, опубликовал: Әкімшілік]

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СИМПОЗИУМЫ

Өтетін уақыты: 2015 жылғы 24-25 сәуір

Өтетін орны: Түркістан қаласы (ХҚТУ.Мәдениет орталығы)

            Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Хажеттепе университеті және Манас атындағы Халықаралық қырғыз-түрік университеті тарапынан 2015 жылдың 24-25 сәуір күндері аралығында Ахмет Ясауи университетінде «Педагогикалық ғылымдар және медициналық білім беру» атты тақырыпта халықаралық симпозиум өткізіледі.

Симпозиумға қатысушылар баяндамаларының 100-150 сөзден құралған түйіндерін 2015 жылдың ақпаң айының 15-не дейін симпозиумның интернет сайтындағы формасын толтырып, екеуін бірге қосып жіберулері керек. Баяндамалардың түйіндері симпозиумның ұйымдастыру алқасы тарапынан тиісті ғылыми кеңес мүшелерінің пікірін ала отырып бағаланады. Қабылданған баяндама түйіндері 2015 жылдың ақпаң айының 25-сы күні интернет сайтында жарияланады. Ал, қабылданған баяндамалардың мәтіндері 2015 жылдың наурыз айының 30-на дейін жіберілуі керек. Жіберілген баяндамалар симпозиумнан бұрын жинақ болып шығады.

Симпозиум қазақ, түрік, қырғыз және ағылшын тілінде өтеді.

Симпозиумға қатысушылардың қонақ үй (жатын орын) мәселелері Ахмет Ясауи университеті тарапынан қамтамасыз етіледі. Ал, жол шығындарын симпозиумға қатысушылардың өздері төлейді. Қос авторлы баяндама авторларының тек біреуіне ғана қонақ үй (жатын орын) ақысы төленеді.

 Тақырыптар

   Педагогикалық ғылымдар:

— Бала тәрбиесі

— Білім беру бағдарламалары

— Білім беру технологиясы

— Білім беруді басқару

— Білім беруде өлшеу және бағалау

— Білім беруде жетекшілік және психологиялық кеңес

— Жаратылыстану ғылымдары педагогикасы

— Бастауыш сыныптарда білім беру

— Математиканы оқыту

— Мектепке дейінгі оқыту

— Мұғалім тәрбиелеу

— Әлеуметтік ғылымдар педагогикасы

— Түрік тілін оқыту

— Түркі тілдес республикалардың білім беру бағдарламалары

— Шет тілдерін оқыту

— Жоғары білім беру

 

Медициналық білім беру :

— Қабілетке негізделген медициналық білім беру

— Проблемаға негізделген оқыту

— Мамандықтар арасындағы ынтымақтастық

— Науқас сенімділігі

— Медициналық білім беруде электронды оқыту

— Медициналық білім беруде коммуникациялық білім беру

— Этикалық білім беру

— Қоғамға негізделген медициналық білім беру

— Клиникалық білім беру

— Жұмыс басында үйрену

— Төсек орын басында білім беру

— Шағын топтарда оқыту

— Қабілет жетілдіруді оқыту

— Медициналық білім беруде симуляция

— Оқуды бітіргеннен кейінгі медициналық білім беру

— Тұрақты медициналық білім беру

— Медициналық білім беруде өлшеу және бағалау

— Айғаққа негізделген медициналық білім беру

Sempozyum_KZ (2)


Просмотров: 526