“В целом перед казахстанским образованием и наукой стоит масштабная, неотложная задача – не просто поспевать за новыми веяниями, а быть на шаг впереди, генерировать тренды.”


К. К. Токаев

Блог ректора

Карагандинский индустриальный университет — ведущий вуз Казахстана по подготовке высококвалифицированных кадров для го...

Подробнее »

Новости

Архив

Конференции

Архив

«Қозыбаев оқулары – 2014: Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияда Қазақстанның ролі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

[Дата публикации: 06.10.2014, 23:22:00, опубликовал: Әкімшілік]

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Манаш Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

2014 жылғы 14 қараша күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтетін «Қозыбаев оқулары – 2014: Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияда Қазақстанның ролі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуларыңызды сұраймыз.

 

Конференция жұмысын келесі бағыттар бойынша өткізу жоспарланып отыр:

1. Еуразиялық кеңістіктегі Отандық тарих

2. Гуманитарлық ғылымдар

3. Жаратылыстану ғылымдары

4. Техникалық ғылымдар

5. Физика-математикалық ғылымдар

6. Экономикалық ғылымдар

7. Ауыл шаруашылық ғылымдары

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш, баяндама мәтінін (ұсынылған талаптарға сәйкес ресімделген) және конференцияның ұйымдастыру мен баспаға шығару шығынын өтейтін тіркеу жарнасын (3000 теңге көлемінде) жіберу қажет. ТМД және РФ қатысушылары үшін төлемақы көлемі төлем жүргізу сәтіне ХҚВ курсына сәйкес 700 рубльді құрайды. Баяндамалар 2014 жылдың 25 қазанына дейін электронды түрде ұсынылуы керек. Конференция материалдары бойынша еңбектер жинағы шығарылады.

Ұйымдастыру жарнасын төлем құжатында «Ф.И.О, «Қозыбаев оқулары — 2014» деп көрсете отырып,  келесі реквизиттерге Петропавл қаласындағы «ЦентрКредит Банкі» АҚ ЖСК KZ 938560000000013451, БСК KCJBKZKX, код 16, төлемге арналған код 859, аударуды өтінеміз.

Іссапар шығыны қатысушылар есебінен.

Материалдарды жолдайтын мекен-жай:

150000, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ.,  Пушкин көшесі 86, СҚМУ, «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы.

E-mail   kozybaevreadings@mail.ru

Тeлефон: +7 7152     46-13-20, 49-40-42 (доп. 11-39,11-41)

Хабарламаның немесе баяндаманың мәтіні А 4 форматында орындалуға тиіс, көлемі толық 5 беттен аспауы керек, Word редакторында, “Times New Roman” 12 қарпімен, 1.0 интервал парақ енімен түзілген, жиек барлық жақтан 25 мм, ӘОЖ көрсетілуі керек.

Конференцияның еңбектер жинағы тура көшіру әдісімен теріледі. Сондықтан, сіздің назарыңызды мақала-баяндаманың жоғарыда көрсетілген талаптардың толық сақтала отырып мұқият редакцияланған күйде ұсыну керектігіне аударамыз. Ғылыми атағы жоқ авторлардың мақалаларына ғылым докторының немесе кандидатының пікірін қосып жіберу қажет.

Көрсетілген уақыттан кеш ұсынылған немесе талапқа сай ресімделмеген материалдар қарастырылмайды және авторларына кері қайтарылмайды.

 


Просмотров: 500