“В целом перед казахстанским образованием и наукой стоит масштабная, неотложная задача – не просто поспевать за новыми веяниями, а быть на шаг впереди, генерировать тренды.”


К. К. Токаев

Блог ректора

Карагандинский индустриальный университет — ведущий вуз Казахстана по подготовке высококвалифицированных кадров для го...

Подробнее »

Новости

Архив

Конференции

Архив

Международная конференция в Таразе

[Дата публикации: 25.07.2013, 10:36:51, опубликовал: Әкімшілік]

 

 

Университет в Таразе

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

Құрметті әріптестер!

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 2013 жылдың 27-28 қыркүйегінде  Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұратбеков Мұсахан Байпақбайұлының 60 жас мерейтойына арналған «Операторлардың спектральді теориясының және математиканы оқыту сапасын жақсартудың қазіргі заманғы мәселелері: теориясы, әдістемесі, тәжірибесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық  конференциясын өткізеді.

 

Конференцияда келесі бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланады:

1. Операторлардың спектралді теорияларының қазіргі заманғы  проблемалары

2. Функционалды талдау, функциялар  теориясы және олардың қолданулары

3. Дифференциалдық теңдеулер және есептеу математикасы

4. Мектеп математикасын оқытудың сапасын жақсарту проблемалары

Конференцияға қатысушылар оның тақырыптарына және мазмұнына сай келетін басқа да проблемаларды талдауға ұсынуларына болады.

 

ҰЙЫМдастыру КОМИТЕТІ

Төрайым –  КожамжароваД.П., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор, институт ректоры.

Тең төраға – Өтелбаев М., ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі,

Кальменов Т.Ш., ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі,

Ойнаров Р., ф.-м.ғ.д.,  профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,

Төраға орынбасарлары – Амандосова Р.С., Болеев Т.К., Бижигитов Т.Б.

 

ПРОГРАММалық КОМИТЕТ

Бегер Г.,  профессор (Германия)

Хасаноглы А., профессор (Түркия)

Калябин Г.А., профессор (Ресей)

Кенжебаев К.К., ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан)

Данаев Н.Т.,  ҚР ИҒА академигі (Қазақстан)

Садыбеков М.А., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі  (Қазақстан)

Смаилов Е.С., профессор  (Қазақстан)

Бидайбеков Е.Ы., профессор (Қазақстан

Дженалиев М.Т., профессор (Қазақстан)

Боқаев Н.А., профессор (Қазақстан)

Нұрсұлтанов Е.Д., профессор (Қазақстан)

Джумабаев Д.С., профессор (Қазақстан)

Оспанов К.Н., профессор (Қазақстан)

Рамазанов М.И. профессор (Қазақстан)

Серикбаев А.Ө., профессор  (Қазақстан)

Бәкірбаев Б., профессор (Қазақстан)

Конференцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды баспадан шығаруды жоспарлайды. Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2013 жыл  1 тамыз, сағат 1800 дейін: баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасын (баспа түрінде — мақаланың 2 данасын және электронды түрінде дискіде) өткізу қажет. Жоғарыда көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар қабылданбайды. Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды. Қабылдау комиссиясының шешіміне сәйкес, авторларға шақыру ретінде екінші ақпараттық хат жіберіледі. Ұйымдастыру жарнасын екінші ақпараттық хатты алғаннан кейін төлеу қажет.

Қатысу тәртібі

Мақала материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптарды қанағаттандыру керек.

Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы  және формулалар  Microsoft Equation редакторында орындалуы керек:

  1. Кестелердің, схемалар, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек және Windows-та терілген болуы қажет.
  2. Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы-2,5 см, төменгі жақ-2 см, оң жақ -1,5 см, сол жақ -2,5 см.
  3. Шрифт: Times new Roman, кегль – 12.
  4. Жоларалық: 1 интервалмен.
  5. Жаңа жол: 0,9 см.
  6. Сол жақ жоғарғы бұрышында міндетті түрде ӘОЖ (УДК) индексі қойылады.
  7. 7.      Келесі жолда – ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН).
  8. Баяндама тақырыбы астына – парақ ортасына жәй әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар) – дың тегі, аты-жөні жазылады.
  9. Астына: жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен) (мақала авторы оқитын немесе жұмыс істейтін жоғары оқу орны, кәсіби орта оқу мекемесі, мектеп).
  10. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама (мақала) материалдары.
  11. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде қисық, тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сай нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін: /1,с. 256/.

 

Тіркеу формасы

1. Тегі, аты-жөні (толығымен) __________________________________________________

_____________________________________________________________________________

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) ____________________________________

3. Ұйым, оның мекен-жайы._____________________________________________________

4. Автордың мекен-жайы (индекс көрсету міндетті) ________________________________

5.Телефон (ұялы, үй, жұмыс телефон номерлері, халықаралық кодымен) ______________

_____________________________________________________________________________

6. E-mail (міндетті) ____________________________________________________________

7. Мақала тақырыбы ___________________________________________________________

8. Секция ___________________________________________________________________

9. Керекті техникалық  құралдар _______________________________________________

10. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ)_______________________________

Мен

                             Пленарлық баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.

Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.

Конференцияда тыңдаушы ретінде қатысуды қалаймын.

 

Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «ТарМПИ конференциясына                        _________________ — дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.

Ұйымдастыру жарнасы -2500 тг.Қонақ үй, тамақтану шығындары іс-сапарға жіберуші есебінен. Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, тіркеу жарнасын төлеген автор фамилиясымен аталады.

Мысалы, қатысушы А.Б.Жүнісова файл атын былай ұсынуына болады:

Жүнісова. doc; Жүнісова. rtf немесе Zhunisova. doc; Zhunisova. rtf.

Баяндама материалдары мен тіркеу формасы  2013 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

Талапқа сай емес толтырылған және ұйымдастыру комитетіне көрсетілген уақыттан кеш өткізілген мақалалар ғылыми еңбектер жинағына енгізілмейді.

 

Баяндаманы мына мекен-жайға жіберіңіздер:

080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би көшесі, 62.

«Математика және МОӘ» кафедрасы, 7-508 ауд., ТарМПИ Жаратылыстану факультеті.

Телефондар: (8 (7262)52-67-84, 8 (7262)34-28-51, 87021392745, 87009869524, 87072775179, 87072662464

 E-mail: konfmatem-2013@mail.ru

Ұйымдастыру жарнасы. Қаржы реквизиттері

Мекеме «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты»,

БИН 040440007305

ИИК KZ 376010161000026196 ЖОФ АО «Халық банкі» Тараз қ.

Кбе   16

БИК  HSBKKZKX  («ТарМПИ «Математиканың қазіргі мәселелері» конференциясына») деп көрсетілсін.

Негізгі даталар

2013 жылдың 1 тамыз – баяндама материалдарын қабылдаудың соңғы күні.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ


Просмотров: 367